Ата-аналар конференциясы


С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп интернатының ұстазы Джумансейтова Гулжамал Бекмуратовнаны зейнетке шығару кеші болып өтті. Кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу.
С.Әбдіжаппаров атындағы ЖБМЖИ аудандық білім бөлімінің 12.09.2023 ж номері 1398 санды хаты негізінде 13.09.2023 ж күні мектеп директорының 240 бұйрығы негізінде "Мектеп - алтын мекенім" тақырыбында психологиялық апталықтың ашылуы болды. Апталықтың мақсаты : оқушыларға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, оқу дағдысын қалыптастыру. Апталықтың ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері П.Наушаева мектеп директоры К.Ж.Апекова және мектеп әкімшілігі қатысты. Апталықтың ашылуы 1-11 сынып оқушылары толық қамтылды .Апталық ашылуы би терапиясы және "Мақал сізден - тәтті бізден" ойынымен оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.Апталық барысында оқушылардан "Менің қызығушылық шеңберім" сауалнамасы алынды.
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің №1343 05.09.2023 жылғы санды хатына сәйкес дене шынықтыру пән мұғалімдері
«Дене сергіту» челленджі мектеп оқушылар арасында өткізілді.
Челлендждің мақсаты: балалардың салауаты өмір салтын насихаттау.
Оқушылардың физикалық психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету, оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алу, физикалық белсендіруді арттыру, балаларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Дене сергіту" челенджін ұйымдастырды. Нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға қалыптастыру.
"Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1 сыныпқа келген бүлдіршіндеріміз және 2 сынып оқушылары сонымен бірге, 7-11 сынып оқушыларына арнайы "Білім күні" салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға Аудандық мәслихаттың төрағасы Кенехан Асқар Оразханұлы ,Аудандық білім бөлімінің бас маманы Қалдыбаев Аян Аскарович, мектептің ата аналар комитетінің төрайымы Жамашова Эльмира Аяпбекқызы келіп қатысты.
Алғашқы қоңырау салтанатты жиынын ашу үшін сөз, мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызына берілді. Мектеп директоры 2022-2023 оқу жылының білім сапасы мен жетістіктерін айта келе, жаңа оқу жылында орын алғалы тұрған керемет жаңалықтар туралы есеп беріп, сөз соңында мектеп мұғалімдерін марапаттады. Келген қонақтарда мектеп оқушылары мен ұстаздарға жаңа оқу жылына толағай табыстарға жетуге тілектерін білдірді. Алғашқы қоңырау соққан,қоңырау үнімен ортаға шыққандар:
11"а" сынып оқушысы Берікқызы Зейнеп, 1"ә" сынып оқушысы Лесбек Мирас;
11"ә" сынып Бауыржанұлы Нұрсұлтан мен 1"б" сынып Нұржанқызы Раяна;
11"б" Жасұзақ Жансая мен 1"в" Абу Расул;
11"в" сыныптан Орынбасар Рамазан мен 1"г" Дархан Айша;
"Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты жиын екі кезеңде өтті. Екінші кезеңі 3-4, 6-7сынып оқушыларына арналды.
Салтанатты жиынға ата-аналар мен ұстаздар қатысып, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламаларын тамашалады.