“Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі” тақырыбында бастауыш сыныптар арасында аудандық семинар болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2023 жылдың 6 наурыз күнгі 363 бұйрығының негізінде С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2023 жылдың 10 наурыз күні “Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі” тақырыбында бастауыш сыныптар арасында аудандық семинар болып өтті. Семинарға аудан мектептерінен 51 ұстаз қатысты. 

   Семинар мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімділігін арттыру, ұстаздардың іс-тәжірибесімен бөлісу.
1681360106 334938008 1016763899295579 1961953657199970964 n 1681360087 330523225 461028832826259 1052579695805449875 n

«Дебат – достық мекені» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

Бүгін 24.02.2023ж. С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында Облыстық  қосымша білім беру педагогтарының  «Дебат-достық мекені» тақырыбындағы облыстық семинары болып өтті. 

         Мақсаты: Оқушыларды белгілі  бір  фактілерді  зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашықта жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін  жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
- Оқушылардың қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру.
Семинарға  Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Биболова Алия Таңатовна,
Түркістан облысы Білім басқармасы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы басшысының орынбасары  Егембердиева Айсұлу Мейірбековна, 
Түркістан облысы Білім басқармасы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы әлеуметтік педагогикалық бөлім басшысы Досболғанов Бекбол Алиевич,
Түркістан облысы Білім басқармасы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы әлеуметтік педагогикалық бөлімінің әдіскері Ситінбетов Мағжан Қанатұлы, 
Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Пернеев Ерболат Аманұлы,
Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Райымбек Ғайша келіп қатысты, сонымен қатар Бәйдібек ауданы мектептерінің қосымша білім беру педагогтері келді. Семинар алдымен көтеріңкі көңіл күй көтеру мақсатында Әжелер тобының ән шашуымен ашылып, мектептің әрбір жетістігіне «Білім баспалдағы» арқылы таныстырылым жасалды. Келген қонақтарға арнайы АКТ залында шымылдық М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды. Мектептегі үйірмеге қатысушы оқушылардың қойған қойылымы көрермен көңілінен шықты. Ары қарай концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Бағдарламаға сай іс-шара жалғасын тауып, қосымша білім беру педагогтерінің жасаған жұмыстарының нәтижесін көрсетер көрмемен таныстырылым жасалды. Содан соң «Дебат» клубының ашылу салтанаты жасалып, сол клубтың ұйымдастырушысы Түзубек Дархан мен оқушылары «Дебат – достық мекені» тақырыбындағы ойынын көрсетті. Дарханның бұрынғы шәкірттері  LD форматында мастеркласс ұйымдастырды. Келген қонақтардан кері байланыс алынып, өз ойларын ортаға салысты. Облыстық білім басқармасынан келген қонақтар «Тілек» кітабына өздерінің ыстық ықыластарын жазып қалдырды. Аудан мектептерінен келген қонақтар жасалған жұмыстарға, оқушы өнерлеріне тәнті болғанын жеткізіп жатты. Алдағы уақытта да осындай ауқымды іс-шаралар жалғасын таппақ.
332321890 718126509857113 8898756028636533134 n 332311949 6481264315257536 6456020234894818519 n 332378803 520061813383787 4895633934790520451 n 333054635 900526974621064 796745557112419849 n

«Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» атты аудандық семинар

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

Бәйдібек ауданы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты

«С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» атты аудандық семинар
Хаттамасы
                                                 03.04.2019 жыл 
Қатысқандар:
1.Облыстық әдістемелік орталықтың өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері - Б.Каймолдаева.
2.Бәйдібек аудандық білім бөлімінің өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері - Н.Белгібаева.
2.Ауданымызджың өзін-өзі тану пән мұғалімдері.
 
Күн тәртібндегі қаралатын мәселе:
1.Мектеп тынысмен таныстыру, сабақтарға қатысу.
2.Кері байланыс.
Тыңдалды:
Облыстық әдістемелік орталықтың өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері Б.Каймолдаева өзін - өзі тану процесінде мұғалім мен ата-ананың рөлі айрықша. Қазіргі мұғалім окыту мен тәрбиелеу әдістерін, балалардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды дұрыс ұйымдастыра алатын білікті маман болуы керек. Балаларға деген махаббат, әрбір баланың жеке даралық қабілеттерін құрметтеу, шыдамдылық, ізгі ақыл мен жылы жүрек өзін - өзі тану мұғалімінің ең басты  қасиеттері болуы тиіс. Өзін - өзі  тану мұғалімінің құндылыққа бағдарланған әрекеті оқушылардың  білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсіністікті жәнс  қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым - қатынас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді деп өзін-өзі тану пәнінің ерекшеліктерін атап өтті.
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері Н.Белгібаева «Өзін - өзі тану» пәні мұғалімінің мінезі ашық - жарқын, айналасына тартымды, этика - эстетикалык тағылымы жоғары, шығармашылық әлеуеті терең болуы керек. Сонымен  катар пән мұғалімі оқушылармен  бірлесе әрекет етуге әрдайым дайын тұратын, сыни ойлау қабілеті оқушыларды қанаттандыратын, оларды өзіндік ізденіс пен шығармашылық әрекетке жұмылдыра алатын адам болуы тиіс. Осындай күрделі де жауапты міндет жүктелген ұстаздар мен баланың ара қатынасында ешқандай кедергі болмауы керек. Олардың өзара түсіністігі, сыйластығы және бір - біріне деген құрметі  көздеген мақсатқа жетудің сара жолы болмақ-деді.
Мектеп директоры К.Апекова әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем деседі. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді. Адам баласы дегеніміз – жоғарғы дүниеден жер бетіне жіберілген тіршілік иесі. 
Барлық балалардың қайталанбас дарынды екендігіне, ешқайсысының таланттан кенде қалмағанына мейлінше сенемін. Біз әншейін бала бойындағы сол дарындылықты тауып, аша білмейміз, шынын айтқанда, ашуға ұмтылмаймыз деп атап айтты. 
Қорытынды бөлімінде тәжірибелік бөлім бойынша өтілген ашық сабақтар туралы Бүркітбай Айгүл кері байланыс алды. Ең бірінші мектеп ұжымына, басшысын семинарды жоғары деңгейді ұйымдастырғаны үшін рахмет айтты. 2-сынып оқушыларымен өтілген ашық сабақтары жаңартылған бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдердің қолданылуымен тиімді болғандығын атап, сабақтың өз деңгейінде жүйелі нақты талаптарға сай құрылғанын айта келе алдағы уақытта еңбектеріне табыс тіледі.
Жолғабас НОМ мұғалімі Жұмансейітова Нұржамал сөз алып 10-сынып оқушыларымен өткен дөңгелек үстел жөнінде айтып өтті. Айтылған мәселелер өте орында екендігі  жәнеде оқушылардың өз ойларын ашық, еркін түрде айтқандығы ұнады. Мұғалімнің жаңа заман талабына сай екендігі, оқушыларды өз деңгейінде бағалайтындығы, АКТ толық меңгергендігі байқалды. Шығармашылық табыс тіледі. 
Майбұлақ ЖОМ мұғалімі Перизат 7-сынып оқушыларымен «Адамның рухани әлемі» тақырыбында өтілген шебер сабақ өз дәрежесінде. Барлық талаптарға сай өтілгенін, оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде екендігі атап айтылды. Сабақта қолданған әдістері қызықты әрі орынды екндігін атап айтты.
«Тәрбиенің тамаша мектебі отбасы» тақырыбында өтілген коучинг сабақ туралы Тойшыбекова Нүрбибі айтып, өз ойын білдірді. Бұл сабақ арқылы біздің үйренеріміз көп болды. Әрбір ұстаз өз сабағында оқушыларға білім мен қоса тәрбиенің ұштастыру арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеуі керек деп атап өтті. 
Ұсыныс:
1. Аудандық тәжірибелік семинарды жиі ұйымдастырып, әдіс алмасу.
2. Аудандық семинарды ұйымдастырған және сабақ берген ұстаздарға облыстық әдістемелік орталықтық Құрмет грамотасына ұсыну:
1.Мектеп директоры Апекова Калзат
2.Өзін-өзі тану пән мұғалімі Омарбекова Айгерім
3. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Сатыбалды Мөлдір
4. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Бекбаева Жазира
5. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Жұмабекова Айгүл
 
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 
өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері:                                   Н.Белгібаева
аудандық тәжірибелік семинар хатшысы:                     А.Омарбекова
 2c17de28 3a1b 4a89 90ed eec5524d45b954b6514d 2360 4b66 8d94 a8d43b5705e7 d7cc5c8d 9885 4934 9a68 8fdfdf791b2d dd187f16 151f 42c3 8281 64e8adc6d411  a75c89f2 0833 44e8 8c99 688a61a932b9 69debdac dfd7 44bd adee d19aa8f78ab6

Буккроссинг жобасының оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудағы тиімділігі

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

 Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында <<Буккроссинг жобасының оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудағы тиімділігі>> атты 28.03.2019 жылы аймақтық семинар өткізілді.

 
Мақсаты.Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу мәдениетін насихаттау, қазіргі заманғы кітапхана саласына қатысты әдіс-тәсілдерді меңгеру, оқырманның оқу сауаттылығын арттыру.
Кітапханашылар арасында жаңашылдықты талқылау және іс-тәжірибе алмасу.
 
Семинарға Түркістан облыстық әдістемелік кабинет әдіскері Гүлім Мусаева, Ордабасы ауданының әдіскері Қалманова Амина білім бөлімінің әдіскері Баян Жүнісова және Созақ, Ордабасы ауданының мектеп кітапханашылары Бәйдібек аудандық білім беру ұйымдарынан 49 кітапханашылары қатысты. Семинарда 5-сабақ жоспарланып өткізілді.
 
Аймақтық семинар өз дәрежесінде өтілді. Облыстық білім бөлімінің әдіскері Гүлім Мусаева мектеп басшысы Қалзат Жүсіпбекқызына және ұжымға алғыстарын білдірді. Мектеп кітапхана меңгерушісі Гүлжан Келесбаеваны облыстық құрмет грамотасына ұсынды.
 
216b621d 08f2 4cda 90a9 e9efb2b69d2c 787de2e8 7354 46e5 b1ef 9d7c93c6fdcb 3436ed66 a639 437b 9187 67ff0eb3f38e 53376756 d6be 4b22 ba7b 6c7e0219d415 31580ff3 0f0d 4a60 84dd 723e70e99046 62698622 ccb2 412e bc94 c2fd21896470

«Ағылшын тілі және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау»тақырыбындағы облыстық –аймақтық тәжірибелік семинар өтілді.

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2019ж 25сәуірде «Ағылшын тілі және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау»тақырыбындағы облыстық –аймақтық тәжірибелік семинар өтілді. Тәжірибелік семинардың ашылуына концерттік бағдарлама   көрсетіліп, мектепте білім көрмесі ұйымдастырылды.Бағдарламамен таныстыру үшін облыстық әдістемелік орталықтыңәдіскері Апетова Сауле,АББ бас маманыҚалаубаева .А,ағылшын тілінің әдіскері    Айнұр сөз сөйледі.

Семинарда 4 ашық сабақ,4 тренинг өтілді.Мектебіміздің  химия пәнінің мұғалімі Бимбетова Бибсара 8 –сыныптарға «Тұздардың жіктелуі және қасиеттері», «Classification and properties of salts» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ жоғары  дәрежеде өтілді деп бағаланып облыстық мадақтама берілді. 
 
 ShooterScreenshot 180 31 03 22 ShooterScreenshot 181 31 03 22 ShooterScreenshot 182 31 03 22

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!