Атқарылған жұмыстар есебі

Автор: Super User. Posted in Әдістемелік бөлім

(Алғабас газетіне мәлімет. Ақпарат беттеріне жариялау үшін)

                                                   С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-             
                                                 интернаты. 2021-2022 оқу жылы атқарылған 
                                                 жұмыстар туралы
 
       2021-2022 оқу жылы  мектеп-интернатында жоспарлы іс-шаралар өз дәрежесінде жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында  «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы  мектеп мұғалімдеріне таныстырылып,  республика көлемінде жүзеге асатыны туралы  тапсырылған болатын. Оған қоса, биыл елімізде «Балалар әдебиеті  жылы»  болып жарияланды.
     Мақсаты-кітап оқу мәдениетін жалпы педагогтар арасында  қалыптастыру, кеңінен насихаттау, яғни кітап ең көп оқыған мұғалімді анықтау.
       Осы бағытта мектеп мұғалімдері арасында   кітап оқы сайысының бірінші кезеңі  өткізілді.  Мектеп кітапханашысы Г.Келесбаеваның ұсынған 105 кітап ішінен   бір кітапты таңдап,таңдаған  бір кітапты оқып, мазмұнын ашып, оқиға  кейіпкерлері туралы  мағынаны ашып жүйелі көрерменге жеткізу, сұраққа жауап беру  сапалы жүргізілді. «Мен оқыған кітап» кітап оқы сайысында бірінші орынды тарих пәнінің мұғалімі А.Шатырбаева                    ( Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан»). Бұл сайыс мұғалімдер арасында  ай сайын   жүргізіліп, жалғасын табуда. 
15.10.2021ж ҚРБілім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  ұйымының ұйымдастыруымен  шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында 8-11  сыныптағы  шығармашыл оқушылар арасындағы VIII республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі мектепте болып өтті. Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. Соның  5 түріне қатысып, 4 оқушымыз жеңімпаз атанды. «Шешендік білгірлік» сайысынан10 «Ә» сынып оқушысы Байғон Досбол 2 орын, «Эссе жазу» сайысынан 10 «Ә» сынып оқушысы Фархадқызы Дильназ 1 орын, «Ұлттық аспапта өнер көрсету»  сайысынан 9 сынып оқушысы Қуатбек Думан 2 орын, «Ақындар мүшайрасы»  сайысынан 10 «А» сынып оқушысы Айтбай Алихан 2-орын иемденді. Облыстық деңгейге жолдаманы 1- орын алған Фархадқызы Дильназ.
 «Оқуға құштар мектеп »  республикалық жобасының  мектепішілік 07.12.2021 ж күні «Оқырмандар клубы» жұмыс жоспарына сәйкес,  «мен оқыған кітап» өзі оқыған кітабы туралы мұғалімдер арасында талқылаудың 2-ші кезеңі болып өтті.  Сараптау  нәтижесінде бұл жолы үйірме жетекшісі Д.Тузубек облыстық кезеңге жолдама алды. Жобаның үшінші кезеңіне  қатысатын мұғалімдер тізімі жасалып сайыс  жалғасуда. «Мен оқыған кітап» байқауына мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушылары  тартылуда,.
     Ендігі кезекте  оқужылының ІІ ші жарты жылдығында «Отбасында кітап оқы» сайысы  жоспарлануда. Отбасындағы  ата-анамен  баланың бірге кітап оқып оны  басқа байқауға қатысатын отбасымен сайысы.Отбасы оқырмандарын  тыңдау жұмыстары тұр.
     22.10.2021 ж күні  шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік сынып жетекшілерді анықтау, озық инновациялық жұмыстарды насихаттау мақсатында өткізілген  «Үздік  тәрбие жұмысының жүйесі» тақырыбындағы аудандық байқаудан  «Бас жүлде» иеленгені үшін  Аязова Салима  аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Дипломымен марапатталса, осы байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасы «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ. Диплом ІІ дәрежелі «Үздік  тәрбие жұмысының жүйесі» облыстық байқауында  жүлделі 2 орын иеленгені үшін Бәйдібек ауданы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта  мектеп- интернатының мұғалімі  Аязова Салима Мұхтарқызы марапатталды.
     25.10.2021 ж күні  аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  «Өнерлі ұстаз-2021» байқауының  (мектепішілік, аймақтық, аудандық) үш кезеңінеде қатысып, аудандық кезеңінен қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Туленова Индира Байқадамқызы  жүлделі       ІІ орынмен  марапатталды.
      27.10.2021ж күні тауданда өткен «Үздік Өзін-өзі тану мұғалімі» байқауына қатысқан өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Құрманова Гүлнар   «Бас жүлде» Дипломымен жеңіп алды.  Сонымен бірге , Республикалық «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауының облыстық кезеңіне  қатысып, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 3 дәрежелі  «Дипломымен» марапатталды.
17.11.2021ж күні   «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық  пен қылмыс бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында , 1-11 сынып оқушыларының  ата-аналарымен жалпы жиналыс болып өтті. 
Күн тәртібінде : 1. «Синтетикалық есірткілердің зардаптары, есірткі қылмыстары бойынша заң алдындағы жауапкершілік, бала тәрбиелеуде ата-ананың рөлі» тақырыбында  бейнероликтер көрсете отырып, лекция оқылып әдістемелік нұсқаулықтар айтылды.
24.11.2021 ж күні «Кәмелетке толмағандаға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың,  ерте жүктіліктің алдын-алу» мақсатында мектеп жанындағы интернат тәрбиешілерінің МДТІЖО, мектеп психологтарының қатысуымен  жоспарлы іс-шаралары  және « Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Зорлық-зомбылықсыз -әйелдер» тақырыбында  өткізіліп, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік нұсқаулықтар берліді.
2. «Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері және балалардың ғаламтор желісіндегі  қауіпсіз мінез -құлқы»  туралы психолог мамандар жұмыс жүргізді.
   2021 жылдың қазан айында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастырған «Үздік жыл психологі»  байқауына  мектеп психологі Омарбекова Айгерім қатысып 2 орын Дипломымен  марапатталды.
      Сонымен бірге мектебімізде ҚР Тәуелсіздігіне  30 жыл толуына орай  жоспарлы түрлі іс-шаралар өткізілуде.  Оның бірі: Мектеп кітапханасында «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбындағы  іс –шараға аудандық  ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Бақтайбеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы  Ә.Әлиева, Шаян ауылдық әжелер төрайымы М.Ормаханова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Қырықбаевалар  қатысып, оқушыларға тәуелсіздікке қол жеткізген күнге дейінгі қазақ елінің бастан кешкендерін әңгімелеп тарих шежірелерен еске салып, еліміздің  тәуелсіздік алуына үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы айтып, жастарға  патриоттық  тәрбиелік мәнді әңгімелер айтты. 
         ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай,  мектеп мұғалімдерінің  өнер шығармашылығын арттыру мақсатында  мектепішілік «Екі жұлдыз-2021» байқауы болып өтті. Байқауға  пән бірлестік мұғалімдері,  мектептің кіші қызметкерлері мен интернат тәрбиешілері  әр қатысушы бір оқушымен шығып өнер көрсетті. Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты патриоттық әндер жанды дауыста  шырқалды. Мектептің өнерлі оқушылары ән байқауына деген  қызығушылық танытып, ұстаздарымен  бірге «Екі жұлдыз» болып сахнаны нұрландырды.
   23 қазан  күні  С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатыда ДБОІЖО  А.С.Мықтыбекованың ұйымдастыруымен «Кәсіп және заман» тақырыбында ,  Түркістан облыстық  кәсіпкерлер палатасы, Бәйдібек аудандық филиалының басшысы С.Спабеков  және  «Тау гүлі» ЖШС-нің директоры  А.Елеусізбен   кездесу өткізілді. Кездесу барысында, мектеп оқушылары  өздерінің көкейлерінде жүрген, мамандық таңдауға және өздерін  осы бағытта толғандырған сұрақтарына  жауап алды. Іс-шараға келген  ел азаматтары  оқушыларға: елдің болашағы-  білімді жастардың қолында екендігін айтып,  мүмкіндіктердің көп екендігіне тоқталып,оқушыларға  мамандықтар бойынша  өмірден көп мысалдар келтіріп, әдістемелік бағдар берді.
     Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен   «Жемқорлықсыз болашақ»  тақырыбында өткізілген «Адал ұрпақ» ерікті 
мектеп клубтарының  аудандық слетінде  ІІІ –орын алғаны үшін мектептің  жас инспектролары «Дипломмен» марапатталды.
   Сонымен бірге Облыстық оқушылардың ғылыми жоба байқауынан  жүлделі  ІІІ-орын  алған жеңімпаз  оқушы Елікбай Аяулым,  жетекшісі  химия-биология пәнінің мұғалімі Гүлзара Асылбаева.
        «Менің кіші Отаным»  интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің  «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 
 ІІ дәрежелі  диплом  иегері оқушы Байғон Досбол мен жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі  Ғафура Мамытова. 
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Тәуелсіздік- мәңгілік ел тұғыры» облыстық байқауында сурет жанры бойынша  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының , облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының  «Үздік идеялар» номинациясымен 6 сынып оқушысы Дәрмен Нұрдаулет, ән жанры бойынша ІІ ші дәрежелі  «Дипломмен» 9 сынып оқушысы Ержан Мадина марапатталды. Сонымен бірге ашық диалог алаңында, балалар мен жастардың азаматтық сана сезімін, мәдениетін, көшбасшылық әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін үйірме жетекшісі Дархан Тузубек және музыка пәнінің мұғалімі Лаура Ашеновалар «Алғыс хатпен» марапатталды.
        Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған 15.12.2021 ж күнгі аудандық  іс-шарада  «Еңбек етсең еленерсің, Еңбегіңе кенелерсің» демекші, мектебіміздің көш басшысы мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтің төс белгісімен марапатталды.
 
 
         Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Сарағаш ауданы, Құлкелес ауылдық округі, Ақ үй ауылы № 69 жалпы  орта білім беретін  мектеп базасында 14.12.2021 ж күні                                                                                                                                                  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  30 жылдығына тарту» тақырыбында  оқушыларды   робототехникаға деген қызығушылығын арттыру және ғылыммен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы шығармашылығын шыңдау мақсатында  өткізілген  облыстық робототехника байқауына  мектебіміздің 10 сынып оқушысы Төлебай Бағдаулет  жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі З.Серікбаева  қатысып  облыстық  ІІІ дәрежелі «Дипломмен» марапатталды.
        Мектеп оқушыларымен жоспарға сәйкес, «Адалдық сағаты» науқанындағы  бейнедәрістер, 9-11 сынып оқушыларымен «Өскенде кім боласың?»  тақырыбында  Zoom платформасы арқылы конференцияларына қатыстыру, мамандардың қатысуымен дұрыс жол сілтеу нұсқаулықтары, «Отбасы құндылықтары» атты ашық тәрбие сабақтары өткізілді.  «Абай өлеңдерін оқу» , «Абайдың қарасөздерін мәнерлеп оқу» сайыстарына  мектеп мұғалімдері  қатысып ,  жүлделі 1 орынға  бастауыш сынып мұғалімі Г.Қартбай  иеленді.
  Мектеп оқушыларын спортқа  баулу, денсаулықтарын нығайту мақсатында   2-8 сынып оқушылар аралығында « Жарқын болашақ» атты спорттық жарыстар өткізіліп, аудандық  «Алғабас» баспасөз беттерінде жарық көрді. 
Балаларға жаңа жылдық жақсы көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында , Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығынан құрылған «Ерікті жастар»  тобының демеушілігімен мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне  жаңа жылдық  сыйлықтарын үлестіріп, жылы тілектерін айтып тосын сый жасап қуантты.
24.12.2021 ж күні «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» республикалық жлобасының мектепішілік екінші кезеңінен, облысқа  жолдама алған үйірме жетекшісі Тузубек  Дархан  облыстық  «Kitap ХАН@» кітап оқу сайысына қатысып, ІІ орын жеңімпазы атанды.  Мектептің жеткен жетістіктері, өткізілген іс-шаралар  дер кезінде мектептің және облыстың әлеуметтік желісінде жарияланып отырылды.
 
Дайындаған:
Педагог ұйымдастырушы 
Г.У.Туреханова
 
 
                                             С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-      
                                       интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
                                      бойынша   2021 оқу жылы жас мамандар мен                                  
                                      жауапты  тәлімгерлердің атқарзған жұмыстары туралы 
 
м ә л і м е т
 
       2021 оқу жылының қыркүйек айында  жеті жас маманға  тиісті пән мұғалімдері тәлімгер болып бекітілді.  Жас мамандардың  алдағы уақытта жұмыстарына  әдістемелік кеңестер беріліп,  тәлімгерлер тарапынан лауазымдық міндеттері таныстырылды. Бағыт-бағдар беретін әңгімелер, ақпараттық материалдарды дайындау,  ішкі тәртіп ережелері, жұмыс тәртібі таныстырылды.
             Жұмыс жас мамандардың құжаттары мен жоспарымен танысумен басталды.  Өз білімін көтеру жоспары, мұғалімнің партфолиосы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында аптасына екі рет тәлімгерлердің  және озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына еніп, әдістемелік көмек алып отырды. 
- Kundelik.kz электронды журналды  ережеге сәйкес толтыру
- Әр сабаққа дайындықпен келу; Сынып жетекшілер мен тәлімгерлермен байланыста болу;
- Ата-анамен байланыста болу, балалары туралы пікірлесіп отыру;
- Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу;
- Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін  меңгеру;
- Оқушылардың білімін жүйелей және қорытындылай отырып пәндік олимпиадаларға қатыстыруға көмектесіп отыру;
- Сабақты жоспарлап, білімін қорытындылап отыру;
- Пән бойынша баяндама жасап, аудандық тамыз педагогикалық оқуына ұсыну
       Тәлім берушілердің  жас мамандарды назардан тыс қалдырмау, жас мамандарды ұстаздық  жұмысқа  бейімдеу жөнінде жұмыс жоспарлары түзілген.  Жоспар бойынша дидактикалық материалдарды сапалы біркелкі дайындау, тақырып боойынша сабақтар жүйесін немесе жекелеген сабақты, сыныптан тыс шараларды жасау қатысу жұмыстарына ықпал етуде. 
     Тәлім берушілер жас мамандарды өз сабақтарына ендіріп,  сабақта пайдаланылатын тиімді әдіс тәсілдерін  көрсетіп  әдістемелік көмек беруде. 
   Жас мамандар мен тәлімгерлердің  атқарылған жұмыстары,  жұмыс барысында алған жетістіктері мен ережелері жеке папкаларда жинақталған.
 
 
Дайындаған
Г.У.Туреханова
 
2020-2021 оқу жылының  ІІ жарты жылдығындағы мектеп жетістіктері
 
         С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты 2011 жылы ашылып,  2020-2021 оқу жылында  бітіруші шәкірттер  10 шы түлектер.  Мектептен білім ордасын  36 түлек бітірсе, соның ішінде  4 оқушы  «Алтын белгіге», ал 3 шәкірт ереше  үлгідегі  аттестаттан үміткер болды. 
    Мектептер арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарының  сапасын салыстыра келе,  2020-2021 оқу жылы мектеп жетістігі мен атқарған жұмыстары бағаланып,  мектебіміз «Жылдың  Үздік мектебі» наминациясымен марапатталды. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Құлымбет  мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызын Білім және ғылым  қызыметкерлері кәсіптік одағының «Түркістан облысы жергілікті ұйымының Кәсіподаққа еңбек еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен  және «Алғыс хатымен»  марапаттап,   мектептің  жұмыстарына, іс-шарада атқарып жатқан игі істеріне  шын көңілімен тілек айтып ризашылығын білдірді.
          Оқушылардың ғылыми зерттеуі, оқу және  танымдық қызметін жандандыру олардың ақыл-ой еңбегін бағалау және оларды қолдаумен қатар ерекше жас зерттеушілерді  қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Кіші Ғылым Академиясының сырттай байқауына»  мектеп оқушылары қатыстырылып, 10»А» сынып оқушысы Шайырбек Мөлдір 1-орын ғылыми жетекшісі М.Сатыбалды. 10»Ә» сынып оқушысы Нұрғалиұлы Мұрагер 1- орын  ғылыми жетекшісі Ғ.Мамытова,  9 «А» сынып оқушысы  Бимырза Асем 1- орын, ғылыми жетекшісі Б.Бимбетова.  8 «Б» сынып оқушысы  Жасұзақ Жансая 1-орын, ғылыми жетекшісі К.Карібаева,  6 «Ә» сынып оқушысы Түймебек Балнұр 1- орын ,  ғылыми жетекшісі Б.Жұмашбекова,      5 «Ә» сынып оқушысы  Серікқызы Ақниет 1-орын, ғылыми жетекшісі Е.Турабекова, 4 «Г» сынып оқушысы Боранбай Ақжарқын 1- орын, ғылыми жетекшісі А.Сүйінбекова, 2 «Б» сынып оқушысы Ернар Асфандияр 1- орын, ғылыми жетекшісі Р.Билмағанбетова, 2 «В» сынып оқушысы Полатхан Мерей 1- орын , ғылыми жетекшісі С.Пернебекова. жүлделі орындарды бағындырды.
Мектептің жеткен жетістіктері, өткізілген іс-шаралар  дер кезінде мектептің және облыстың әлеуметтік желісінде жарияланып отырылды.
2020-2021 оқу жылында мектеп жетістіктері № 2 ақпан 2021 жыл  «БІЛІМ ШЫҢЫ-ғылым сыры» Республикалық ғылыми-әдістемелік, танымдық, мәдени –рухани журналының «Мектеп- білім ордасы, бақытқа бастар жол басы» тақырыбында жарияланды.  ?9 қыркүйек 2020 жыл «Жас ҒАЛЫМ» дарынды балаларға арналған республикалық ғылыми- танымдық журналға  «Басты мақсат-бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында жарияланды. №1 қаңтар 2021 жыл Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. «МЕКТЕП» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал «Ұстаз-ұлы тұлға»,  «Жылдың үздік мектебі» тақырыбында  мектеп жетістіктерімен  жарық көрді. 

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!