Оқушылардың тәртіп сақтау ережесі

Автор: Super User. Posted in Оқушылар

Мектеп оқушыларына қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

  • Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғарғы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті;
  • Оқушы сабаққа кешікпеуі,сабақтан себепсіз қалмауы  тиіс. Егерде оқушы сабақтан себепті қалатын болса,оны анықтамамен дәлелдеуі қажет.
  • Мектеп формасын (берілген үлгісі бойынша)сақтауға, екінші аяқ киімін, сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің  бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақтауға міндетті;
  • Мектептегі  мұғалімдермен, арнайы келген қонақтармен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге,барлық уақытта өз ана тілінде сөйлеуге міндетті.
  • Оқушы өз ауысымның басталуына 20 минут қалғанда мектепте  болуы тиіс;
  • Қоғамдық өмірге белсене араласып өзінің саналы түрде болашақ мамандық таңдауға  дайындалуы. Еңбек тәрбиесі  бойынша тапсырмаларды орындау   барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерінің қауіпсіздігін сақтауы керек.
  • Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орнына  келтіру керек;
  • Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды,  жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе мектеп әкімшілігіне тапсыруы тиіс;
  • Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
  • Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамытуы тиіс;
  • Мектеп қызметкерлері мен ұстаздарға дөрекі сөйлеуге, сөз қайтаруға болмайды;
  • Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектесуін қажет;
  • Қыз балаларға мектеп ішінде  (косметика) бояуларын  пайдалануға, қысқа  және ұзын шашты жинап  оқушыға сай шаш үлгісін сақтауына, 2.5 -3 см жоғары  биік өкшелі аяк киім  киюге тыйым салынады;
  • Ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары  жоғалса мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.

 Қатаң тыйым салынады:

  • Мектептіңкүнделіктіережесінбұзуға; /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/
  • Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде жүгіруге, мектеп ауласына шығуға, бірін- бірі итеруге, күш қолдануға , терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға;
  • Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;құлаққаппен  (наушник) музыка тыңдауға;
  • Кешкі  20.30 дан кейін коғамдық  орындарда, көшеде жүруге;
  • Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
  • Мектеп оқушысына сай шаш үлгісін сақтау, ер балалар ұзын шаш қоймауға;
  • тыйым салынады.

 Әр оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!