Өмірбаяны

Автор: Super User. Posted in Директордың блогы

Білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған

Калзат Жүсіпбекқызы жас ұрпаққа өнеге

 

       Апекова Калзат Жусипбековна Түркістан облысы Төрткөл елді мекенінде 05.09.1967 жылы дүниеге келген.Үлкен отбасында тәрбиеленіп, әкенің қамқорлығы мен өнегесін тоқып, анасының жылы алақанында өскен.                Ұлты қазақ. Білім жолын 1990 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтының «Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» бойынша тәмамдаған.

         Еңбек жолы:.1990-2002 жылдар аралығында Алғабас ауданы, Красная Нива ауылындағы Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

       2003-2010 жылдар аралығында Шымкент қаласы № 59 жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

       2010-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласы № 72 жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

       2013-2014 жылдар аралығында Бәйдібек ауданы Шаян ауылы «Аружан» балабақшасының директоры.

       2014-2019жылдары Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

     2019 жылдан бері Бәйдібек ауданы Шаян ауылы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының директоры қызметінде жұмыс жасап келеді.

       Апекова Калзат Жусипбековна жоғары санатты, педагог-зерттеуші.                  1990 жылдан бері өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан - ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, мектепте ойып тұрып өз орнын алған, көпті сыйлата білетін өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектеп басшысы ретінде көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымының және шәкірттердің алдында білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында    30 жылдан бері өз үлесін қосып келеді.

     Ұстаз-ана Апекова Калзат Жүсіпбекқызының сүйікті ісі - жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беру. Игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе саналары анық. Бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, оның нағыз майталман маманы, мектептің жүрегі осы бір білім саласының қызығы мен шыжығын қатар көріп келе жатқан ардақты ұстаз.

     Педагогикалық еңбек өтілінде ұзақ мерзімді атқарған жұмыстарының Халықаралық, Республикалық, Облыстық марапаттары, наградаларының иегері.

- Грамота. Шымкент қаласы-2005жылы Шымкент қаласы білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі Қ.Кәдірбаевадан;

- Мадақтама. Шымкент қаласы-2008-2009 жыл. Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы Қ.К.Сүгірбековтен.;

- Алғыс хат. Шымкент-2011 жыл. Қала әкімі А.Жетпісбаевтан;

- Алғыс хат. Шымкент-2012 жыл. Қалалық білім бөлімінің бастығы Ж.А.Тажиевадан.;

- Алғыс хат. Шымкент қаласы-2012 жыл.Шымкент қалалық маслихат хатшысы Н.Бекназаров, қалалық маслихат депутаты, қалалық ата-аналар комитетінің төрағасы Ж.Омаровтан;

- Алғыс хат. Астана қаласы,www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет

Олимпиадасына жеңімпаз оқушылар дайындағаны үшін. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Айбек Қуандықұлы;

- Құрмет грамотасы. 2018 жылы OQU-BILIM.KZ Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік белсенділік танытқаны үшін компания директоры Н.Ә.Жайлауовтан;

- Құрмет грамотасы. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Е.Сағадиевтен;

- Құрмет грамотасы. Шаян ауылы-2018 жылы Бәйдібек ауданы Білім бөлімінің басшысы А.Құлымбеттен;

- Диплом.2018-2019 оқу жылы оқу тәрбие жұмысы бойынша   49 мектеп ішінен жылдық рейтинг қорытындысында ІІ- орын алғаны үшін Бәйдібек ауданы білім бөлімі А.Құлымбеттен ;

- Диплом.2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығындағы Аудандық білім бөлімінің рейтинг қорытындысы бойынша І орынмен марапатталды . Бәйдібек ауданы, білім бөлімінің басшысы А.Құлымбеттен;

-Алғыс хат-2019 жыл. Халықаралық инновациялық орталықтан оқушылардың инттелектуалды білімдерін дамытып,білімді де білікті шәкірттер тәрбиелегені үшін берілді;

- Диплом 2020жылы   ІІІ дәрежелі DARYN.ONLINE «Кемеңгер ұстаз» «Daryn.online» ЖШС директоры Асқар Мақсатұлынан;

- Диплом І дәрежелі Нұр-Сұлтан қаласы-2020 жылы, Республикалық онлайн олимпиадасы.Ұйымдастыру комитетінің председателі М.Махмудова ;

- Мадақтама . Шымкент қаласы-2018 жылы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова .;

- Мадақтама. Түркістан -2019 жылы, Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталық. «Бастауыш сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану-сапалы білім негізі» облыстық тәжірибиелік семинар.Директордың міндетін атқарушы А.Турсынбаевтан;

- Құрмет грамотасы. Нұр-Сұлтан қаласы-2019 жылы «Тіл, өнер, білім»қазіргі заман талаптарына сай, білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді. «Тіл, өнер, білім» орталығының директоры Г.Рахимбаевадан;

-. Құрмет грамотасы. Түркістан 2019 жылы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығының директоры А.Тұрсынбаев;

- Алғыс хат. Шаян ауылы-2018 жылы Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихат хатшысы М.Нахипбековтың ;

- Алғыс хат. Шаян ауылы-2018 жылы Түркістан облысы Бәйдібек аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қ.Дүйсенбековтен ;

- Грамота. Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылы KIO Қазақстан интернет олимпиадасының ІІ орын жүлдегері Директор РНПЦ «Дарын»

Ш. Кирабаева.;

- Диплом 2019 жылы Халықаралық «Алые паруса» балалар орталығының Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жеңімпаз шәкірттер дайындап қатыстырғаны үшін марапатталды.Ұйымдастырушлар С.Кулиев,А.И.Бер, Н.Зиновьев;

- І дәрежелі диплом Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі,Республикалық «Дарын» орталығының жеңімпазы Директор РНПЦ «Дарын» Ш. Кирабаева.;

- ІІІ дәрежелі диплом Нұр-Сұлтан қаласы-2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі,Республикалық «Пед старт» орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтан олимпиадасының жүлдегері. Директор РНПЦ «Дарын» Ш. Кирабаева;

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдары:

- Құрмет грамотасы 2014 жылы «Оңтүстік ұстаздары» газетінің Бас редакторы А.Төлеп.;

-Сертификат. Астана қаласы 2019 жылы Шығармашыл ұстаздардың ақпаратты-әдістемелік орталығы. «Жаңа қоғамға-жаңашыл ұстаз, шығармашыл тұлға». Кітапқа шыққан «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін қалыптастыру» мақаласы үшін берілді;

- І дәрежелі диплом . Алматы қаласы 2019 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми –әдістемелік журналы.Бас редактор Е.А.Еркін;

- ІІ дәрежелі диплом Алматы қаласы 2019 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми –әдістемелік журнал. Бас редактор Е.А.Еркін;

- Құрмет грамотасы Алматы қаласы 2019 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми –әдістемелік журнал.Бас редактор Е.А.Еркін;

- Алғыс хат 2019 жылы «ERNUR-press» ЖШС ның директоры Е.Бектұрғановтан;

-2020 жылдың қыркүйек айында «Жас ғалым» дарынды балаларға арналған республикалық ғылыми-танымдық журналының №9 санында «Басты мақсат-бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында екі беттік мақаласы жарық көрді.

-2020 оқу жылының қазан айында «Жылдың 100 жаңа есімі» - авто биографиялық энсиклопедиясына Апекова Қалзат Жүсіпбекқызының есімі енгізілді. Жинақ кітапқа өзінің адал еңбегімен қоғамның дамуына, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлесін қосып жүрген әрі көмекке зәру жандарға қол ұшын беруді азаматтық парызы санайтын қазақстандықтардың өмірбаяндары топтастырылған.

Білікті ұстаздың шәкірттері де білімді, алғыр, дарынды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаларға шәкірттер дайындағаны үшін алған марапаттары:

- І дәрежелі дипломмен Астана қаласы 2018 жылы Республикалық интернет олипиадасына шәкірті Толғанай Есиркеп қатысып, марапатталды;

- І дәрежелі дипломмен Астана қаласы 2018 жылы Республикалық интернет олипиадасына шәкірті Аяжан Темирова қатысып марапатталды;

- І дәрежелі дипломмен Астана қаласы 2018 жылы Республикалық интернет олипиадасына шәкірті Әсем Мейрханқызы қатысып марапатталды;

- І дәрежелі дипломмен Астана қаласы 2018 жылы Республикалық интернет олипиадасына шәкірті Алуа Кошербай қатысып марапатталды;

- І дәрежелі дипломмен Астана қаласы 2018 жылы Республикалық интернет олипиадасына шәкірті Жаннұр Серик қатысып, марапатталды Ұйымдастыру комиссиясының председателі Айбек Қуандықұлынан;

- І орын дипломымен 2019 жылы Халықаралық «Алые паруса» балалар орталығының конкурсына орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8 сынып оқушысы Әлімбек Нұрсезім қатысып марапатталды;

- І орын дипломымен 2019 жылы Халықаралық «Алые паруса» балалар орталығының конкурсына орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8 сынып оқушысы Түзелхан Динара қатысып марапатталды;

-21.05.2020 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім және ғылым министрі Аймағанбетов Асхат Қанатұлының «Ы.АЛТЫНСАРИН» төс белгісімен марапатталды.

     02.04.2019 жылы «Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен облыстық семинар өткізілді. Семинарда өздерінің үлгілі сабақтарын беріп, әдістемелік тәжірибелерімен бөліскен мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Омарбекова Айгерім Беимбетовна , Сатыбалды Мөлдір Қайратқызы. Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасымен марапатталды.

     12.04.2019 жылы мектебімізде «Бастауыш сыныпта оқытудың тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану- сапалы білім негізі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Бұл семинарда жаңа форматта сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері, сабақ үлгілері жоғары дәрежеде деп саналып, мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызы облыстық әлеуметтік даму білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Семинарда пән бойынша ашық сабақтар қойылған пән мұғалімдері жоғары деңгейде үлгілі сабақтарын көрсетіп, іс-тәжірибелері облыстық көлемде кітапша етіп шығарылып, тарқатылды. Пән мұғалімдеріде осы семинар соңында марапаттарға ие болды.

             25.04.2019 жылы мектебімізде «Ағылшын тілі және жаратылыстану- математикалық бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау» тақырыбында облыстық- аймақтық тәжірибелік семинары өткізілді. Семинарда химия пәнінің мұғалімі Бимбетова Бибсара Өтегенқызы химия пәнінен 8 сыныппен «Classification and properties of salts» тақырыбында ағылшын тілін кіріктіріліп ашық сабақ өтілді. Семинар сабағы өте жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін пән мұғалімі Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасымен марапатталды.

     XXI ғасыр – ақпараттық-сандық ғасырда қашықтан оқыту ұстаздар қауымын уақыттан оза шауып, дағдыларын кеңейтуге, тәжірибе алмасу арқылы онлайн-коммуникацияларды дамытуға, оқушылармен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге, жаңа байланыстарға ие болуға жаңа серпін береді деп сенеді.

           Отбасының ұйтқысы, сүйікті жар, ұстаздардың ұстазы атанған аяулы ана. Біліктілігімен, табандылық қасиетімен жұлдызы жарқыраған қазақтың дана да дара қызы. Жолдасы Әбілдабек Фазылбек Әбілдабекұлы екеуінің отасқанына 30 жылдай уақыт өтті. Отбасында үш қыз бір ұл тәрбиелеп өсіріп ардақты әже атанып отырған   асыл-АНА, елге өнегелі үлгілі отбасы. Бойына жиған барлық жақсы қасиеттері, ұстамдылығы мен салмақтылығы, байсалдылығы мен кішіпейілділігі әкесінен дарыған. Ұстаз –Ана білімге деген құшатарлығымен ел алдында беделі орасан зор. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты           ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болымысында тәрбиелеуге атсалысуда.

 Апекова Калзат Жусипбековна

Туылған жері                                        1967 жылы 05 қыркүйекте Ордабасы         ауданы Төрткүл елді мекені

Білімі                                              Жоғары

15.08.1990-28.12.2002 жылы                 Алғабас ауданы, Красная Нива ауылындағы Қ.Спатаев атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

04.01.2003-04.01.2010 ж.ж                     Шымкент қаласы, Қайтпас-2 елді мекеніне қарасты № 59 жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

10.01.2010-02.09.2013 ж.ж                     Шымкент қаласы, Қайтпас-1 елді мекеніне қарасты № 72 жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

11.11.2013-30.09.2014 ж.ж                     Бәйдібек ауданы Шаян ауылы «Аружан» бала - бақшасының директоры.

30.12.2014-12.03.2019 ж.ж                     Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы,Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

13.03.2019 ж                                            Бәйдібек ауданы Шаян ауылы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының директоры қызметінде.

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!