"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңінде С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ нің
1. І орын иеленгені үшін, сынып оқушысы Артықбай Жансерік жүлделі орын Дипломымен (пән жетекшісі: Байсариева Гаухар),
2. жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін, 4 сынып оқушысы Илесбай Назерке (пән жетекшісі: Пернебекова Салтанат),
3. жүлделі ІІІ орында 3 сынып оқушысы Қолдас Амина ( жетекшісі бастауыш пән мұғалімі Туреханова Гульмира) дипломдармен марапатталды.

350628875 783687626792945 2004431898433619920 n 350777633 169769265817914 3727505220254022532 n

Балаларды қорғау күніне арналған спорттық жарыс өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

30.05.2023 ж күні Бәйдібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту , денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалар біздің болашағымыз" атты спорттық асық ату ойын түрінен С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатынын оқушылары қатысып жүлделі 1 орын дипломын иемдеді.
"Бір орыннан ұзындыққа секіру" түрінен ІІ орын. "арқан тартыс" ойын түрінен ІІ орын, "қол күрес" ойын түрінен оқушымыз Санақ Ришад ІІІ орын алып дипломдармен марапатталды.

350105124 514234900795877 1689099336001475023 n 350343987 791232532328136 5592209142965285769 n 350666748 171669732258929 4891933461721302439 n 350772186 958933085354086 4422155086776011302 n

Апекова Калзат Жусипбековна Алғыс хатпен марапатталды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"IQanat білім беру қоры" ҚК ауыл оқушыларына арналған IQanat Республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңін ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының директоры Апекова Калзат Жусипбековна Алғыс хатпен марапатталды.
Құрметті Калзат Жусипбековна! СІЗДІ, шын жүректен құттықтай отырып,
осындай қиын және игі жұмысыңызда сізге шығармашылық табыс, шабыт және шыдамдылық тілейміз.

350142953 5967975089996792 1182705181576723646 n 350466719 1386424941929994 8011864973780651830 n 350665283 1377192429515881 2631567316659508321 n

Кіші ғылым академиясынан І дәрежелі ДИПЛОМДЫ иелендік.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"ЗЕРТТЕУШІ" ҚБ. Оқушылар мен студенттер Кіші Ғылым Академиясының байқауына қазақ тілі секциясы бойынша қатысып, Түрістан облысы, Бәйдібек ауданы , С .Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Сейдалы Жібек 1дәрежелі дипломмен мапапатталды. (Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтаханова Ақжібек Оралбаевна)
Ағылшын тілі секциясы бойынша ,
8 сынып оқушысы Жылқайдар Фариза 1 дәрежелі дипломмен (Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Керейбаева Гульжан Ергельдиевна)
Химия пәні секциясы бойынша,
9 сынып оқушысы Жақсылық Жаңагул 1 дәрежелі дипломмен (жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Бимбетова Бибсара Утегенқызы)
Этномәдениеттану секциясы бойынша, 8 сынып оқушысы Шымырбай Асылайым 1дәрежелі дипломмен марапатталды. (Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Батырбекова Жанар Байтұрсынқызы)
Әріптестерімізді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.

350638598 476812501304922 3691487341707150499 n

Облыстық пәндік олимпиада жүлдегері атанды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Облыстық пәндік олимпиада жүлдегері атанды.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы" КММ.
І дәрежелі ДИПЛОМ.
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы ФАРХАДҚЫЗЫ ДИЛЬНАЗ марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәрібаева Камила Амангелдіқызы.
2023 жылдың 18-21 сәуір күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша РЕСПУБЛИКАЛЫҚ олимпиаданың қатысушысы ретінде 11сынып оқушысы Фархадқызы Дильназ Сертификатпен оралды.

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!