ДИПЛОМ. Түркістан облысының қосымша білім беруді дамыту орталығы.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

ДИПЛОМ. Түркістан облысының қосымша білім беруді дамыту орталығы.

Қазақстан Республикасының Ұлағатты Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында өткізілген  "Ustaz cup I" облыстық пікірсайыс турниріне  С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сінен белсене қатысып, өзінің ой және сөз шеберлігін көрсетіп, турнирге Облыстан 18 аудан оқушылары   арасынан жүлделі II орын иеленгені үшін (қазақ лигасы бойынша)  оқушылар Шойынбекқызы Інкәр, Жамбыл Өткел "Жеңіс тек бізде" ұранымен, жетекшісі Тузубек Дархан Дипломмен марапатталды.
 Осы аталған пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңіне осы топ қатысып
I дәрежелі диплом алып жеңіспен оралған болатын.
311782697 774910150273695 835533140019676503 n 311607545 774910196940357 6198774481572663171 n 311510299 774910106940366 5891359311110631066 n
 

Аудандық "Ақберен" өнер байқауы өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық "Ақберен" өнер байқауы өтті.

  Шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 11.10. 2022 ж күні оқушылар арасындағы VIII республикалық "Ақберен" өнер байқауының аудандық кезеңінде "Үздік эссе" номинациясы бойынша шеберлік танытқаны үшін С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Есенбай Мереке аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің III орын Дипломымен, осы байқауда  "Шешендік өнер"  сайысында білгірлік танытқаны үшін 10 сынып оқушысы Әбубакир Нұрбақыт III орын Дипломымен марапатталды.
311301062 770870750677635 4106515223885350570 n 311457618 770870700677640 2802825775433457125 n

"Үздік педагог-2022" байқауы өткізілді.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"Үздік педагог-2022" байқауы өткізілді.

  Бәйдібек ауданының тумасы, еңбек жолын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз Оңғар Ормановтың 100 жылдық мерейтойына орай, педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында, аудан педагогтері арасында 
11.10.2022 ж күні 
О. Орманов атындағы жалпы орта мектеп базасында өткізілген "Үздік педагог-2022" байқауына мектебіміздің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі  Салимова Роза Куангалиевна қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
311142791 770864260678284 4425755727180455794 n 311465335 770864434011600 5433254677768857137 n 311594063 770864347344942 4391277795364021535 n

Аудандық "Ұстаздар күні" мерекесі болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық "Ұстаздар күні" мерекесі болып өтті.

   Шаян ауылы, мәдениет үйінде  07.09.2022 ж күні аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұстаздар күні " кәсіби мерекелік іс-шарасы болып өтті.
  Жиында мектебіміздің  ұстаздары  оқу тәрбие процесінде атқарған ерен еңбектері еленіп   марапатталды.
Орыстілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Р. Салимова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К. Кәрібаева Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшының "Алғыс хатымен", бастауыш сынып мұғалімі Р. Билмаханбетова Түркістан облысы мәслихат  грамотасымен, еңбек пәнінің мұғалімі И. Мусаев Облыстық кәсіподак комитетінің "Құрмет грамотасымен", бастауыш сынып мұғалімі А. Есалы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
311093338 769334044164639 8380896949056904738 n 311292297 769333964164647 7083889898350143051 n 311344397 769333860831324 2861252358112540056 n 310999395 769333337498043 8500612762738153821 n

Аудандық «Тіл мәртебесі -ел мәртебесі» атты он күндік байқауының жеңімпаздары анықталды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық «Тіл мәртебесі -ел мәртебесі» атты он күндік байқауының жеңімпаздары анықталды.

" Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту"  ММ Түркістан облысы, білім беруді дамыту орталығы "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы"  мен  2022 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесінің он күндігі мерекесіне орай,  ұлттық және мемлеккеттік маңызы зор, мағынасы кең, тамыры терең екі мейрамды бір тақырып аясында ұштастырып,  қазақ, орыс,  ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған " Тіл мәртебесі -ел мәртебесі " тақырыбында ұстаздар арасында байқау өткізді.  
Байқаудың мақсаты:  Мектеп мұғалімдерінің ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,  тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына,  еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.  Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. 
Мектебіміздің атынан ағылшын тілінен "Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі" тақырыбында сырттай эссе байқауына  ағылшын тілі мұғалімі Керейбаева Гүлжан қатысып, аудан көлемінде жүлделі 1-орынмен марапатталды.
" Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау" тақырыбындағы ғылыми жоба байқауына ағылшын тілі мұғалімі Бөбей Жансая сайысқа түсіп, аудан көлемінде жүлделі 1-орынмен марапатталды.
308645154 759910375107006 6291301443307453036 n 308755795 759910321773678 1383273743779761200 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!