"Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасының облыстық кезеңі өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта  мектеп- интернаты КММ де мектеп мұғалімдері арасында  "Кітап оқы да, өзгеге сыйла" тақырыбында іс шара үзбей  жоспарлы өтіп келеді.

   Мектепішілік  "кітап оқы " жобасына қатысып , облысқа ұсынылған биология пәнінің мұғалімі  Баян Жұмашбекова  облыстық байқауға онлайн  қатысып,  жүлделі 2 орынды иеленді.
1681367454 339897882 5802920153169193 8158544664353638106 n

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТАРДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ОРАЛДЫ.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Бәйдібек  аудандық адами әлеуетті дамыту    бөліміне  қарасты  С.Әбдіжаппаров атындағы   жалпы   орта  мектеп – интернаты  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі.

     2023 жылдың ақпаны, Арыс  қаласы. Төрт ауданнан Футбол ойынына мектептің  9-11 сынып оқушылары  қатысып,                                
 I-орынды  бағындырған  болатын. 
Күні  кеше, Түркістан облысының  білім  басқармасы "Облыстық қосымша  білім   беруді   дамыту  орталығының"                     «Ұлттық мектеп лига"  облыстық  кезеңіне қатысқан  9-11 сынып оқушыларымыз  «Былғары  доп»  жарысында  футболдан жүлделі  III–орын   иеленгені  үшін дипломмен марапатталды.
1681367020 337410193 252547350457101 2856461436155997717 n 1681366928 337504146 6391345607596125 6521683437499461798 n

"Ашық алаң" жас мамандар арасында пікірсайыс өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

 2023 жылдың 7 наурыз күні "Оқушылар үйі"  КММ  базасында , білім беретін мектептің жас мамандары арасында өткен   "Ашық алаң"  пікірсайыс  байқауына С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі жас маман Маратбек Жансая қатысып , жүлделі ІІІ орын Дипломымен марапатталды.

335028632 1240193913269397 2336658837641702697 n

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған байқаудың жеңімпаздары атанды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы  адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға -Шер-Аға! тақырыбында ұйымдастырылған эссе байқауының  аудандық кезеңінде 1орын алған С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтаханова Ақжібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының Дипломымен,  

"Поэзия әлемі" байқауының 1кезеңінде ұйымдастырылған Мағжан Жұмабаевтың  "Педагогика" атты еңбегі бойынша аудандық ғылыми жоба  байқауында жақсы нәтиже көрсеткені үшін  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туленова Фарида Алғыс хатпен,
 сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  "Алаш ардақтылары" тақырыбында  ұйымдастырылған эссе байқауының аудандық кезеңінде  жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркебаева Жансая Алғыс хатпен марапатталды.
334598409 732532068536984 1821499821677682266 n

Ұлдар мен қыздар арасында теннистен жарыс өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"Біз нашақорлық пен маскүнемдікке қарсымыз" тақырыбында 24.02.2023 ж күні өткен ұл-қыздар арасындағы "Бәйдібек аудандық 1ші БЖСМ" КММ  Ашық біріншілігінің  стол теннисі бойынша С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының оқушылары қыздар арасынан қатысқан 3 сынып оқушысы Талғат Айлун жүлделі 1 орынмен, 

ұлдар  арасынан қатысқан
 4 сынып оқушысы Өсербай Бекнұр жүлделі  ІІІ орынмен марапатталды.
334572431 183481037722272 5262846448957906956 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!