ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТАРДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ОРАЛДЫ.
Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп – интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2023 жылдың ақпаны, Арыс қаласы. Төрт ауданнан Футбол ойынына мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысып,
I-орынды бағындырған болатын.
Күні кеше, Түркістан облысының білім басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының" «Ұлттық мектеп лига" облыстық кезеңіне қатысқан 9-11 сынып оқушыларымыз «Былғары доп» жарысында футболдан жүлделі III–орын иеленгені үшін дипломмен марапатталды.

