Облыстық өнер шеберлері фестивалінің жеңімпазы бізде

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Облыстық өнер шеберлері фестивалінің жеңімпазы бізде.

Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің нұсқауына сәйкес, "Аудандық мәдениет үйі" қазыналық кәсіпорынның ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күнгі  52-ші шығыс хатына сәйкес, 2022 жылы 23 қыркүйекте Төлеби ауданы, Ленгер қаласында, Төлеби ауданының 90 жылдығына орай өткізілген "Төлебидің ғажайып өрнектері"  облыстық  өнер шеберлері нің фестиваліне мектебіміздің бейнелеу өнерінің мұғалімі Утелбаев Яссауидин Балтабайұлы  қатысып  II Дипломмен және II орын Сертификаты (70 000тг) ұтысымен марапатталды.
308637294 757067945391249 5871110696949109782 n

«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» республикалық конкурстың 1 орын иегері Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» республикалық конкурстың 1 орын иегері Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі 

     «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» 10 жылдық мерейтойына орай, «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» конкурсы әр облыс бойынша үздік ауылдық мектептердің тәжірибесін тарату, инновациялық бастамалар мен педагогикалық технологияларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Конкурсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы   өткізді.
  Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының оқу-әдістемелік қызметінің тәжірибесін тарату.
Міндеттері:
- «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлескен жұмыстары аясында ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының инновациялық, сапалық жұмысын анықтау; 
- Мектептегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы жаңа педагогикалық ойларды және технологияларды іздеу;
- Ауылдық мектептердегі үздік менеджерлерді анықтау және олардың жұмыстарын Медиакеңістікте насихаттау.
Мақсатында ұйымдастырылды. Осы конкурс ережелерімен таныса отырып, Бәйдібек ауданы Шаян ауылы, С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сінің директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызының бастауымен қолға алып, конкурсқа өзінің  жетістіктері мен еңбектерінен жаңа бір туынды әзірледі.
    Біздің жаңа туындымыз You Tube   желісіне жарияланды. Оған халық  2200 белгі, 7400 көрермен мен, 626 пікір білдіріп ең көп дауыс жинады. Қолдау білдіріп, өздерінің мектеп ұжымына деген жақсы пікірлерін  қаралдырды. Жарысқа  қатысқан 13 ( он үш) мектептің ішінен мектебіміз жүлделі I орын иеленіп  Дипломмен марапатталды.
307443075 754449935653050 8033008101922237769 n 307541258 754449875653056 1354685364220866499 n 307644789 754450088986368 5160563107913701369 n

Білімнің басты құндылықтары

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық білімге құштарлық еңбекқорлық" тақырыбында аудандық пленарлық кеңес болып өтті.

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі. 2022 жаңа оқу жылының 25.08 күні аудандық тамыз пленарында бірқатар мұғалімдеріміз марапатталды.
Еңселі еліміздің келешек тірегі-жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеру мен отансүйгіштікке
баулуда, намысты да білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп, оқу-тәрбие жұмысына ерекше үлес қосқаны үшін орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Салимова Куангалиевна аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Утелбаев Яссауидин Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының Құрмет грамотасымен, химия пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Ұлтусын Әділқызы "Аманат" партиясы Бәйдібек аудандық филиалы атқару хатшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Құрметті ұстаздар : Сіздерді мектеп ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көре берулеріңізге өз тілектерін білдіреді.
301563459 738812367216807 7049166816982307586 n 301834583 738812410550136 4988860640820420831 n 301783293 738812463883464 8293499005935810748 n

Білімнің басты құндылықтары

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

2022 жаңа оқу жылы тамыз педагогикалық оқуынан мұғалімдер марапатпен оралды.

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық" тақырыбындағы аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық оқуында шығармашылық ізденісін көрсете білген тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдарбекова Гульчехра "Мадақтамамен", орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдаханова Райхан, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдираманова Айсара, химия пәнінің мұғалімі Асылбаева Гулзара және биология пәнінің мұғалімі Жиынбекова Гулжанат "Алғыс хатпен "
марапатталды.
Әріптестерімізді жаңа оқу жылындағы жетістіктерімен құттықтаймыз.
301065513 737011107396933 8052878403580029342 n 301230090 737011050730272 4068272382140392582 n 301237779 737011167396927 4672209221198772140 n

"Үздік төреші " Алғыс хатпен марапатталды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"Үздік төреші " Алғыс хатпен марапатталды.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы. Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының АЛҒЫС ХАТЫМЕН С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-нің үйірме жетекшісі Тузубек Дархан марапатталды.
   Марапат Білім беру ұйымдарында 2021-2022 жылғы пікірсайыс қозғалысын дамытудың өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында "Ата Заңым айбыным " атты мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде "ҮЗДІК ТӨРЕШІЛІК" жасағаны үшін берілді. Пікірсайысқа  мектептің белсенді оқушылары  Шойынбекқызы Інкәр, Жамбыл Өткел, Қуандық Ақеркелер қатысты. 
    Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта  жеңістер жалғасын таба берсін дейміз.
282558280 676885490076162 6606002631282415183 n 282538305 676885540076157 949177213260976033 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!