Облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары.
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі. 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша, мектебімізден облыстық олимпиадаға жүзден жүйрік шыққан
9-сынып оқушысы Мұратбек Рамазан (орыс тілі пәнінен) жетекшісі: Роза Салимова,
10-сынып оқушысы Несіпбек Ұлдана (химия пәнінен) жетекшісі : Ұлбала Қалдыбаева, 10-сынып оқушысы Байғон Досбол (тарих пәнінен) жетекшісі : Ғафура Мамытова, 11-сынып оқушысы (құқық пәнінен) жетекшісі : Салтанат Сабаншы жолдама алған болатын.
Аталған оқушылар Ордабасы ауданында өткен облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Мұратбек Рамазан
-2 орын алса (орыс тілі пәнінен) жетекшісі: Роза Салимова ,
10-сынып оқушысы Несіпбек Ұлдана 3 орын , (химия пәнінен) жетекшісі : Ұлбала Қалдыбаева,
11-сынып оқушысы Тұрдалы Жомарт
-3 орын (құқық пәнінен) жетекшісі : жас маман Салтанат Сабаншы.
Оқушыларымыз бен жетекшілік еткен пән мұғалімдеріне білім шыңын бағындыруда талмай еткен еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер дей отырып, мектебіміздің атын шығаратын білімді де білікті шәкірттер көбейе берсін дейміз.


