«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» республикалық конкурстың 1 орын иегері Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі
«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» республикалық конкурстың 1 орын иегері Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» 10 жылдық мерейтойына орай, «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» конкурсы әр облыс бойынша үздік ауылдық мектептердің тәжірибесін тарату, инновациялық бастамалар мен педагогикалық технологияларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Конкурсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы өткізді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының оқу-әдістемелік қызметінің тәжірибесін тарату.
Міндеттері:
- «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлескен жұмыстары аясында ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының инновациялық, сапалық жұмысын анықтау;
- Мектептегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы жаңа педагогикалық ойларды және технологияларды іздеу;
- Ауылдық мектептердегі үздік менеджерлерді анықтау және олардың жұмыстарын Медиакеңістікте насихаттау.
Мақсатында ұйымдастырылды. Осы конкурс ережелерімен таныса отырып, Бәйдібек ауданы Шаян ауылы, С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сінің директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызының бастауымен қолға алып, конкурсқа өзінің жетістіктері мен еңбектерінен жаңа бір туынды әзірледі.
Біздің жаңа туындымыз You Tube желісіне жарияланды. Оған халық 2200 белгі, 7400 көрермен мен, 626 пікір білдіріп ең көп дауыс жинады. Қолдау білдіріп, өздерінің мектеп ұжымына деген жақсы пікірлерін қаралдырды. Жарысқа қатысқан 13 ( он үш) мектептің ішінен мектебіміз жүлделі I орын иеленіп Дипломмен марапатталды.


