Білімнің басты құндылықтары

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

"Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық білімге құштарлық еңбекқорлық" тақырыбында аудандық пленарлық кеңес болып өтті.

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-сі. 2022 жаңа оқу жылының 25.08 күні аудандық тамыз пленарында бірқатар мұғалімдеріміз марапатталды.
Еңселі еліміздің келешек тірегі-жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеру мен отансүйгіштікке
баулуда, намысты да білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп, оқу-тәрбие жұмысына ерекше үлес қосқаны үшін орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Салимова Куангалиевна аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Утелбаев Яссауидин Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының Құрмет грамотасымен, химия пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Ұлтусын Әділқызы "Аманат" партиясы Бәйдібек аудандық филиалы атқару хатшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Құрметті ұстаздар : Сіздерді мектеп ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көре берулеріңізге өз тілектерін білдіреді.
301563459 738812367216807 7049166816982307586 n 301834583 738812410550136 4988860640820420831 n 301783293 738812463883464 8293499005935810748 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!