Көркем сурет жеңімпазы атанды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 12.04.2022 ж күнгі 194 -ші хатты басшылыққа ала отырып, 2022 жылы сәуір айының 15 жұлдызы күні С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі Утелбаев Яссауидин Төлеби ауданы, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп базасында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған ''Шығармашылық жұмыс шеберханасы" тақырыбында өткен шебер  сынып байқауына қатысып, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы "Білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп жүлделі 1-орын иеленгені үшін

1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Әріптесіміз Ясауидиннің тума талант дарындығында күмәніміз жоқ. Өз еңбегі.  Биіктен көріне беруіне тілектеспіз. Шығармашылық табыс, шабыт дари берсін дейміз. 
278773689 658811718550206 8254100691377635753 n 278587517 658811811883530 1921058694473613285 n 278885226 659139065184138 843639114022127121 n

Облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпазы.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

С. Гимназия. Әбдіжапарова Қ.М.

2021 оқу жылында өткізілген жалпы білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары аудандық адами даму бөлімінің 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
6-сынып оқушысы Әбсейіт Мансұр (математика) Г.Омарова.
6-сынып оқушысы Шайырбек Назерке (Қазақстан тарихы) Шатырбаева А
6-сынып оқушысы Самат
Кәусар (орыс тілі мен әдебиеті) Р.Салимова
5-сынып оқушысы Қонысбек Өркен (ағылшын тілі) пән мұғалімі Сұлтанова М.
5-сынып оқушысы Баққонда Әйгерім (аударма) Б.Жұмашбекова. Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын.
 275559317 634938664270845 1478474615810841046 n275566864 634938704270841 2738422492584570408 n275569556 634938760937502 3049006968268559850 n275622268 634938624270849 8915361220742166972 n275585561 634938804270831 658294365083084472 n

"Тәуелсіз Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төс белгісімен марапатталды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Түркістан облысы білім беру саласына қосқан үлесі мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт " жобасы аясында атқарып жатқан еңбегі үшін және "Мектеп, колледж кітаханаларында ақпараттық қызмет көрсету түрлерін кеңейту және жаңа технологиялар арқылы оқу сапасын арттыру жолдары" атты аудандық оқыту семинарында білімділігімен белсенділік танытқан мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Гулжан Келесбаева Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы " Білім беруді дамыту орталығы " КММ-нің " Алғыс хатымен" және "Білім шыңы " қоғамдық ұйымының "Тәуелсіз Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төс белгісімен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтап, биік белестерді бағындыра беруде қанатыңыз талмасын шығармашылық шыңдарыңыз көп бола берсін деп тілек білдіреміз.

270922732 595815738183138 6624157880555459494 n270993961 595815654849813 3597951066503550199 n243091497 595815701516475 8126879915016985293 n

"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" республикалық жобасы.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ.

"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" республикалық жобасының "Кітап оқу" сайысының мектепішілік 2-ші кезеңінен өткен, үйірме жетекшісі Дархан Тузубек жобаның Облыстық кезеңіне қатысып ІІ - орынды иемденеді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта мол шығармашылық табыс тілейміз.
270175701 594657791632266 1982894723137386300 n

Облыстық "Робототехника" байқауы болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданы, Құлкелес ауылдық округі, Ақ үй ауылы 69 жалпы орта білім беретін мектеп базасында "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына тарту" тақырыбында оқушыларды "Робототехникаға" деген қызығушылығын арттыру және ғылыммен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы шығармашылығын шыңдау мақсатында өткізілген облыстық командалық робототехника байқауына мектебіміздің 10 сынып оқушысы Төлебай Бағдаулет, жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Зина Серікбаева қатысып, 3 дәрежелі "Дипломмен" марапатталды.

269748541 591766781921367 1124138383402891604 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!