"Үздік тәрбие жұмысының жүйесі" байқауы.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік сынып жетекшілерді анықтау, озық инновациялық жұмыстарды насихаттау мақсатында өткізілген "Үздік тәрбие жұмысының жүйесі " тақырыбындағы аудандық байқауда "Бас жүлде" иеленгені үшін сынып жетекші Аязова Салима аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Дипломымен марапатталды.

Бүгін осы байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы "Түркістан облысының әдістемелік орталығы " КММ. Диплом II дәрежелі "Үздік тәрбие жұмысының жүйесі" облыстық байқауында жүлделі 2 орын иеленгені үшін Бәйдібек ауданы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мұғалімі, сынып жетекші Аязова Салима Мұхтарқызы марапатталды.
Марапатың құтты болсын Салима. Әріптестерің биік белестерден көріне беруіңе тілектестік білдіреді.

247700856 557387098692669 2952195906871149516 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!