"Өнерлі ұстаз-2021" байқауы өткізілді.
С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ. 25.10.2021 ж күні "Өнерлі ұстаз-2021"байқауының 3-ші аудандық кезеңі болып өтті.
Мақсаты: Ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау, жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу "Менің педагогикалық қызметім" тақырыбында мамандықтарын мейлінше қорғау.
Байқауға аудандық кезеңге өткен 16 мұғалім қатысты. Үш кезеңнен тұратын сайыста 2-ші жүлделі орынмен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туленова Индира
Байкадамқызы иеленді.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жеңісің көп болсын. Биік белестерді бағындыра бер. Еңбегің жана берсін. Биіктен көріне беруіңе тілектестігімізді білдіреміз.
