Абай өлеңдерін оқуда жүлдегер атанды.
Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының 28.09.2021 ж күнгі 515-1 санды хатын орындау мақсатында, 28.09-01.10.2021 ж күндер аралығында конкурс ұйымдастырылған болатын.
Ұстаздар күніне орай, осы конкурсқа әлеуметтік желі арқылы қатысып, Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін оқудан I - орын иеленгені үшін С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Қартбай Гулжайна 01.10.2021 ж күні аудан әкімінің марапатына ие болды. Марапат құтты болсын!
