Еңбек адамның көркі, Адам заманның көркі.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-де бүгін үлкен қуаныш. Тағы бір үлкен жетістік біздің қоржында.
"Еңбек етсең еленерсің, Еңбегіңе кенелерсің." демекші, мектебіміздің көш басшысы мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төс белгісімен марапатталды.
Құрметті Калзат Жүсіпбекқызы. Сіздің бұл жетістігіңіз аянбай үлкен еңбек еткеніңіздің арқасы.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Ізгі тілекпен :
С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты ұжымы.


