Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық байқаулар болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

  Орыс тілі мен әдебиет пәнінен аудандық  "Поэзия әлемі" байқауының  1кезеңі "Мен жастарға сенемін" мақала  жазу байқауында   жүлделі 1 орын Дипломымен  орыс  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Джолдасова Улбике марапатталды.

    Аудандық байқаудың  ғылыми жоба жұмыстарына  белсене қатысқаны үшін
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абразакова Айманға  Алғыс хат берілді.
      Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7-8 сынып  оқушылар арасында "Дала данышпандары" атты іс-шара аясында  ұйымдастырылған  "Бірлігі бүтін елдің  түтіні түзу ұшар" атты аудандық сырттай эссе байқауына қатысып, жүлделі 
2 орын алған орыс тілі мен әдебиеті  пән мұғалімі Райхан Молдаханованың
 7 сынып оқушысы  Абсейт Мансур  Асхатұлы Дипломмен марапатталды.
330667805 1533039500552503 6766985328647223177 n

JAUQAZYN Республикалық балалар өнер байқауы туралы.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

11.02.2023. жылы "Жауқазын"  Республикалық өнерлі балалар байқауының ұйымдастыруымен  Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында  "Өмірімді өнермен өрнектеймін"  тақырыбында республикалық өнер байқауы  өткізілді.

    Вокал жанры бойынша С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының 10 Ә сынып оқушысы Қуандық Нұрсая "Ізін көрем" әнімен жүлделі 1 орын Дипломымен, Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Әшенова Лаура  Алғыс хатпен марапатталды.
332772289 612412763987120 4455330593684362988 n 332545047 537898921781484 2878798810910880274 n

Облыстық пәндік олимпиадасының жүлделі орын иесі атанды

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ нің оқушылары  2023 оқу жылының 16-17 ақпан күндері 2 күнге  созылған кезекті облыстық пәндік олимпиаданың  1-тур Арыс қаласы Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп- интернатында өтсе,

2-туры  Шымкент қаласы М.Тасова мектебінде өтті. 
 Облыстық   пәндік олимпиадаға  қатысқан  қазақ тілі  пәнінен жүлделі 1 орынды жеңіп, республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алған мектебіміздің 11сынып оқушысы Фархадқызы  Дильназ . Пән мұғалімі Карібаева Камила.
Орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Мұратбек Рамазан 2 ші  жүлделі  орын иегері атанды.  Пән мұғалімі Салимова Роза .
       Облыстық пәндік олимпиадаға  оқушыларды үздіксіз дайындаған, әріптестеріміздің еңбектері жанып,  республикалық олимпиаданы бағындырудағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жеңістерімен құттықтаймыз.
332139405 1839249873112152 7639980373519189804 n 332171771 1009744169992126 373116705992494947 n

Ризашылық-мейрімділік бұлағы.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы. "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы"  КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілді.

              ДИПЛОМ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ "Ризашылдық-мейірімділік бұлағы" жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында мектеп оқушыларының  "ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС" турнирінің облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы ,С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-нің  оқушылары Шойынбекқызы Іңкәр, Жамбыл Өткел , жетекшісі Тузубек Дархан ІІІ дәрежелі диплом және 40000 тенге сертификатымен марапатталды
327576461 860203455090657 4249160701825763899 n 327885041 748512850022832 7349566515722860601 n 328099505 1366965730803734 3657131588711807954 n 328254030 3453604248253664 9072993621352373865 n

"Педагогикалық идеялар фестивалі" сәтті аяқталды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің  2022 жылы 8 желтоқсан күнгі хатын негізге ала отырып, 2022 жылдың  20-21 желтоқсан күндері  өтетін  фестивалге  мектеп мұғалімдерін қатыстыру туралы мектеп директорының  2022 жыл 08 желтоқсан 334 -ші бұйрығы бекітілген болатын.

  С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ нен, Облыстық
Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының аудандық кезеңіне пән мұғалімдері қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетіп жүлделі 
І-орын Грамотасымен марапатталған тарих пәнінің мұғалімі  Кадирова Бағила.
ІІ -орын Дипломын  алған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гулжан Құпияева.
ІІІ-орын Мақтау грамотасын  алған информатика пәнінің мұғалімі Нұралықызы Әсем.
 Алғыс хатпен марапатталған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бикеева Гулжан сынды әріптестерімізді мектеп ұжымы жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтайды.
325898633 922170875441361 4493317054961945469 n 325969220 909317513427393 4007314824543078483 n 326353618 910825319918647 3737255244730422474 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!