Жайдарман ойыны өтті.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

29.05.2023 «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп–интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында оқушылар арасында 1/8 Жайдарман ойыны өтті.Ойынға ауданымыздан 9 мектептен қатысып, нәтижесінде С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты оқушыларынан құралған «Элита» командасы 1-орын иемденіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жетекшісі Сапарбаева Гулнур «Үздік жетекші» номинациясымен марапатталды.

347234675 911379823283956 6939598127258203281 n 350365967 777892653890176 1670117139949904219 n

 

"Тіл халықтар алтын көпірі" атты аудандық олимпиада жеңімпаздары.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткен "Тіл халықтар алтын көпірі" атты олимпиаданың аудандық кезеңінде
1 орын алғаны үшін С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы Қалжігіт Айгерім (жауапты орыс тілі пәнінің мұғалімі:Гулжан Құпияева).
1орын 7 сынып оқушысы Серікқызы Ақниет (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлбике Жолдасова).
ІІІ орын Дипломымен ағылшын тілі пәні бойынша 7 сынып оқушысы Асылбек Айару ( пән мұғалімі Уалиева Жадыра) .
Алғыс хат ағылшын тілі пәні бойынша жақсы нәтиже көрсеткені үшін 8 сынып оқушысы Сабыр Еңлік (пән мұғалімі Айжан Сатанова) марапатталды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-10 сынып оқушылары арасында "Қазақ қоғамындағы би- шешендер мұрасы" тақырыбындағы аудандық ғылыми-жоба байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін 7 сынып оқушысы Ғалымжанұлы Ғазиз дипломмен марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегерлері

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

24.05.2023 С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының
7 сынып оқушысы Абсейт Мансур Асқатұлы 1дәрежелі дипломмен (пәні математика, жетекшісі:Гүлнұр Омарова), 7 сынып оқушысы Айдархан Бағлан Абайұлы 1дәрежелі дипломмен (пәні информатика, жетекшісі:Зина Серікбаева).
ІІ дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Жұмабек Бауыржан Жеңісбекұлы (пәні география, жетекшісі: Индира Алиасқарова).
ІІ дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушысы Пердешбай Жанна Сәбитқызы (пәні:химия. жетекшісі: Ұлтусын Қалдыбаева).
ІІ дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушысы Әскербек Мерей Нұржанқызы (пәні информатика, жетекшісі: Зина Серікбаева).
ІІІ дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушысы Кәрім Әділ Төлебиұлы (пәні:биология, жетекшісі: Гулбақыт Курбаналиева) марапатталды.

 

«Әлемді кітап арқылы танимын»

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

18.05.2023 Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасының нұсқау хатына сәйкес, Бәйдібек аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді кітап арқылы танимын» облыстық байқаудың ауданаралық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп -интернатының 6 сынып оқушысы Ұзақбай Жұлдызай бас жүлдеге ие болып, облысқа жолдама алды. Екінші орынды 5 сынып оқушысы Ақылбек Құндыз жеңіп алды. Байқауға қатысқан оқушыларға марапаттар мен арнайы сыйлықтар тапсырылды.

347016790 283615304093338 2208148691243600410 n 347817907 548633317221032 9201412535131873409 n 347612961 1257804108178314 7203958169530760713 n

Облыстық "Жаңашыл қосымша білім беру педагогы" байқауының БАС ЖҮЛДЕ жеңімпазы бізде

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық адами әлеуетті бөлімінің 05.04.2023 ж күнгі  365-ші бұйрығын негізге ала отырып, мектепішілік "Жаңашыл қосымша білім беру педагогы" байқауы  С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ нің үйірме жетекшілерінің қатысуымен өткізілген. Қосымша білім беру педагогы  "Жас биолог" үйірме жетекшісі Заманхан Нұрайымның ережеге сай жасаған жұмыстары өз дәрежесінде бағаланып, облыстық  кезеңге ұсынылған болатын.

     21.04.2023 ж күні Түркістан қаласында өткен "Жаңашыл қосымша білім беру педагогі" Облыстық байқауына мектебіміздің қосымша білім беру педагогі "Жас натуралистер" үйірме жетекшісі Заманханова Нұрайым  17 -і мектеп педагогтерінің арасында топ жарып БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды.  
     Әріптесімізді бүгінгі жеңісімен құттықтап, республикалық байқаудың жеңімпазы атануына шығармашылық табыс пен ақ жол тілейміз.
1683081915 342521298 913699569845166 6133124724241993040 n  1683082026 342724484 2720905184713043 9042795626599568797 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!