Облыстық "Жаңашыл қосымша білім беру педагогы" байқауының БАС ЖҮЛДЕ жеңімпазы бізде
Аудандық адами әлеуетті бөлімінің 05.04.2023 ж күнгі 365-ші бұйрығын негізге ала отырып, мектепішілік "Жаңашыл қосымша білім беру педагогы" байқауы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ нің үйірме жетекшілерінің қатысуымен өткізілген. Қосымша білім беру педагогы "Жас биолог" үйірме жетекшісі Заманхан Нұрайымның ережеге сай жасаған жұмыстары өз дәрежесінде бағаланып, облыстық кезеңге ұсынылған болатын.
21.04.2023 ж күні Түркістан қаласында өткен "Жаңашыл қосымша білім беру педагогі" Облыстық байқауына мектебіміздің қосымша білім беру педагогі "Жас натуралистер" үйірме жетекшісі Заманханова Нұрайым 17 -і мектеп педагогтерінің арасында топ жарып БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды.
Әріптесімізді бүгінгі жеңісімен құттықтап, республикалық байқаудың жеңімпазы атануына шығармашылық табыс пен ақ жол тілейміз.

