Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған байқаудың жеңімпаздары атанды.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға -Шер-Аға! тақырыбында ұйымдастырылған эссе байқауының аудандық кезеңінде 1орын алған С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтаханова Ақжібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының Дипломымен,
"Поэзия әлемі" байқауының 1кезеңінде ұйымдастырылған Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" атты еңбегі бойынша аудандық ғылыми жоба байқауында жақсы нәтиже көрсеткені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туленова Фарида Алғыс хатпен,
сонымен бірге, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Алаш ардақтылары" тақырыбында ұйымдастырылған эссе байқауының аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркебаева Жансая Алғыс хатпен марапатталды.
