JAUQAZYN Республикалық балалар өнер байқауы туралы.
11.02.2023. жылы "Жауқазын" Республикалық өнерлі балалар байқауының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында "Өмірімді өнермен өрнектеймін" тақырыбында республикалық өнер байқауы өткізілді.
Вокал жанры бойынша С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының 10 Ә сынып оқушысы Қуандық Нұрсая "Ізін көрем" әнімен жүлделі 1 орын Дипломымен, Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Әшенова Лаура Алғыс хатпен марапатталды.

