"Үздік төреші " Алғыс хатпен марапатталды.
"Үздік төреші " Алғыс хатпен марапатталды.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы. Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының АЛҒЫС ХАТЫМЕН С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ-нің үйірме жетекшісі Тузубек Дархан марапатталды.
Марапат Білім беру ұйымдарында 2021-2022 жылғы пікірсайыс қозғалысын дамытудың өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында "Ата Заңым айбыным " атты мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде "ҮЗДІК ТӨРЕШІЛІК" жасағаны үшін берілді. Пікірсайысқа мектептің белсенді оқушылары Шойынбекқызы Інкәр, Жамбыл Өткел, Қуандық Ақеркелер қатысты.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жеңістер жалғасын таба берсін дейміз.

