Аудандық «Тіл мәртебесі -ел мәртебесі» атты он күндік байқауының жеңімпаздары анықталды.

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

Аудандық «Тіл мәртебесі -ел мәртебесі» атты он күндік байқауының жеңімпаздары анықталды.

" Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту"  ММ Түркістан облысы, білім беруді дамыту орталығы "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы"  мен  2022 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесінің он күндігі мерекесіне орай,  ұлттық және мемлеккеттік маңызы зор, мағынасы кең, тамыры терең екі мейрамды бір тақырып аясында ұштастырып,  қазақ, орыс,  ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған " Тіл мәртебесі -ел мәртебесі " тақырыбында ұстаздар арасында байқау өткізді.  
Байқаудың мақсаты:  Мектеп мұғалімдерінің ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,  тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына,  еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.  Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. 
Мектебіміздің атынан ағылшын тілінен "Әлемдік кеңістіктегі Ахмет және ұлт бейнесі" тақырыбында сырттай эссе байқауына  ағылшын тілі мұғалімі Керейбаева Гүлжан қатысып, аудан көлемінде жүлделі 1-орынмен марапатталды.
" Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау" тақырыбындағы ғылыми жоба байқауына ағылшын тілі мұғалімі Бөбей Жансая сайысқа түсіп, аудан көлемінде жүлделі 1-орынмен марапатталды.
308645154 759910375107006 6291301443307453036 n 308755795 759910321773678 1383273743779761200 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!