"Үздік педагог-2022" байқауы өткізілді.
"Үздік педагог-2022" байқауы өткізілді.
Бәйдібек ауданының тумасы, еңбек жолын білім саласына арнаған ұлағатты ұстаз Оңғар Ормановтың 100 жылдық мерейтойына орай, педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, білім беру саласына тәуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында білікті мамандарды ынталандырып, өзге әріптестеріне үлгі ету мақсатында, аудан педагогтері арасында
11.10.2022 ж күні
О. Орманов атындағы жалпы орта мектеп базасында өткізілген "Үздік педагог-2022" байқауына мектебіміздің орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Салимова Роза Куангалиевна қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.


