Бастауыш сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану-сапалы білім негізі
<<Бастауыш сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану-сапалы білім негізі>> тақырыбымен бастауыш сыныптардың облыстық тәжірибелік семинары 2019 жылдың 10 сәуір күні өткізілді. Семинарға Түркістан облыстық білім бөлімінің әдіскері Жолдасбекова Жайна Қожаахметқызы, Ордабасы аудандық бастауыш сынып әдіскері Молжігіт Гүлжауһар, Бәйдібек аудандық бастауыш сынып әдіскері Жарықбасова Салтанат қатысты. Сондай-ақ Кентау, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Созақ аудандарының шығармашылық топ мүшелермен ұстаздарынан-35, Бәйдібек аудандық білім беру ұйымдарынан-49 ұстаз қатысты. Семинарда 12 сабақ жоспарланып өткізілді. Облыстық тәжірибелік семинар өз дәрежесінде өтті, семинарда 12 ұстаздардың іс-тәжірибесі облыс көлемінде кітапша түрінде таратылды. Облыстық білім бөлімінің әдіскері Ж.Қ.Жолдасбекова мектеп директоры мен ұстаздарды облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасымен марапаттады. Семинарды ұйымдастырған мектеп ұжымына үлкен алғысын білдірді.