Бастауыш сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану-сапалы білім негізі

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

<<Бастауыш сыныпта  оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану-сапалы білім негізі>> тақырыбымен бастауыш сыныптардың облыстық тәжірибелік семинары 2019 жылдың 10 сәуір күні өткізілді. Семинарға Түркістан облыстық білім бөлімінің әдіскері Жолдасбекова Жайна Қожаахметқызы, Ордабасы аудандық бастауыш сынып әдіскері Молжігіт Гүлжауһар, Бәйдібек аудандық бастауыш сынып әдіскері Жарықбасова Салтанат қатысты. Сондай-ақ Кентау, Түркістан, Ордабасы, Отырар, Созақ аудандарының шығармашылық топ мүшелермен ұстаздарынан-35, Бәйдібек аудандық білім беру ұйымдарынан-49 ұстаз қатысты. Семинарда 12 сабақ жоспарланып өткізілді. Облыстық тәжірибелік семинар өз дәрежесінде өтті, семинарда 12 ұстаздардың іс-тәжірибесі облыс көлемінде кітапша түрінде таратылды. Облыстық білім бөлімінің әдіскері Ж.Қ.Жолдасбекова мектеп директоры мен ұстаздарды облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасымен марапаттады. Семинарды ұйымдастырған мектеп ұжымына үлкен алғысын білдірді.

e72e1cc7 938d 4123 b6dc c970d0e9ef62 c57fda3b 3f76 4f3c 958a a237739e2c67 e1880337 156e 4c97 b374 e39ebceb4418

 

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!