«Дебат – достық мекені» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

Бүгін 24.02.2023ж. С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында Облыстық  қосымша білім беру педагогтарының  «Дебат-достық мекені» тақырыбындағы облыстық семинары болып өтті. 

         Мақсаты: Оқушыларды белгілі  бір  фактілерді  зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашықта жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін  жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
- Оқушылардың қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру.
Семинарға  Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Биболова Алия Таңатовна,
Түркістан облысы Білім басқармасы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы басшысының орынбасары  Егембердиева Айсұлу Мейірбековна, 
Түркістан облысы Білім басқармасы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы әлеуметтік педагогикалық бөлім басшысы Досболғанов Бекбол Алиевич,
Түркістан облысы Білім басқармасы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы әлеуметтік педагогикалық бөлімінің әдіскері Ситінбетов Мағжан Қанатұлы, 
Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Пернеев Ерболат Аманұлы,
Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Райымбек Ғайша келіп қатысты, сонымен қатар Бәйдібек ауданы мектептерінің қосымша білім беру педагогтері келді. Семинар алдымен көтеріңкі көңіл күй көтеру мақсатында Әжелер тобының ән шашуымен ашылып, мектептің әрбір жетістігіне «Білім баспалдағы» арқылы таныстырылым жасалды. Келген қонақтарға арнайы АКТ залында шымылдық М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды. Мектептегі үйірмеге қатысушы оқушылардың қойған қойылымы көрермен көңілінен шықты. Ары қарай концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Бағдарламаға сай іс-шара жалғасын тауып, қосымша білім беру педагогтерінің жасаған жұмыстарының нәтижесін көрсетер көрмемен таныстырылым жасалды. Содан соң «Дебат» клубының ашылу салтанаты жасалып, сол клубтың ұйымдастырушысы Түзубек Дархан мен оқушылары «Дебат – достық мекені» тақырыбындағы ойынын көрсетті. Дарханның бұрынғы шәкірттері  LD форматында мастеркласс ұйымдастырды. Келген қонақтардан кері байланыс алынып, өз ойларын ортаға салысты. Облыстық білім басқармасынан келген қонақтар «Тілек» кітабына өздерінің ыстық ықыластарын жазып қалдырды. Аудан мектептерінен келген қонақтар жасалған жұмыстарға, оқушы өнерлеріне тәнті болғанын жеткізіп жатты. Алдағы уақытта да осындай ауқымды іс-шаралар жалғасын таппақ.
332321890 718126509857113 8898756028636533134 n 332311949 6481264315257536 6456020234894818519 n 332378803 520061813383787 4895633934790520451 n 333054635 900526974621064 796745557112419849 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!