БІЗДІҢ МЕКТЕПТІҢ ЖАС МАМАНДАРЫ ІІ Республикалық жас мамандар форумында.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп жас мұғалімдермен жүйелі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2023 жылғы 24-25 тамыз күндері (Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі,
1-үй, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының базасында) «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты II Республикалық жас мұғалімдер форумына Кентау қалалық және Бәйдібек,Ордабасы, Отырар, Сауран,Созақ, Төлеби аудандарынан жас мамандар баратыны хабарланды.
2023 жылғы өтетін аталған II Форумның жұмысы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандардың рөлін нығайтуға және қолдауға бағытталған Қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ корпоративтік жеңілдігі бойынша «Park Inn by Radisson Astana» қонақ үйіне орналастырды.
Осыған аталған іс шараға С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп- интернаты КММ нен екі жас маман ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бердібекова Сымбат пен информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Лаура жіберілді.
2023 жылы II Форумның жұмысы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандардың рөлін нығайтуға және қолдауға бағытталып отыр. Форум ауыл мектебінің жас мұғалімдеріне өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді, цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелерімен, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерімен таныстырады.
Жас мұғалімдерге шеберлік сабақтар, педагогикалық квестер, тренингілер мен тақырыптық алаңдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ қатысушылар өз еңбек жолын құрып қана қоймай, өз әлеуетін іске асыру үшін жұмыс істейтін жас мотивациялық спикерлермен кездесіп, сұрақтар қоя алады.
Әріптестерімізге сапарларың сәтті болып, білімдеріңді шыңдап, үлкен ортада тек алдыңғы қатарлардан көрініп, қоржындарың жаңа оқу жылында жақсы жаңалықтарға толы болсын дейміз.

370510288 948589439572431 8514812326473191836 n 370551724 948590702905638 7896399549990258347 n 369729476 948609012903807 6249309450560571565 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!