Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу кеші болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты кітапханасында

Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу кеші болып өтті. 
  Мақсаты: Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, Ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интерноционалдық борышын өтеу жолында жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу.
 Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ә.Орақбаев және мектеп кітапханшыларының ұйымдастыруымен        «Ауған ақиқаты» атты кездесу кеші  өткізілді.  Кездесу кешімізге аудандық Ауған ардагері Тілесов Марат Қайыпбекұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2-ші бөлім бастығы Серікханов Рустем Дәуренұлы қатысты. 
Іс-шара барысында оқушылардың толғандырып жүрген сұрақтары қойылып ардагерлермен сыр сұхбат алынды. «Ауған соғысының ардагерлері» атты көрмемен таныстырды. 
Оқушылар «Ауғанның отты жалыны» атты әдеби монтаж оқыды.« Мен өз Отанымның патриотымын» онкүндік іс-шараны қорытындылай келе 10-11-сынып оқушыларына және жасөспірімдерге кеш қонақтары әскерге шақыру куәлігін табыс етті. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
330586431 1152685775439825 3991463511682377045 n 330608546 2491877611119997 2469424903594249468 n 330803384 1246781752856008 894994587995756663 n

Төтенше жағдайлар министрлігінен мамандар келіп, кәсіптік бағдар берді

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

31.01.2023ж күні

Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының мамандары С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты  КММ-не келіп, Әскери білім алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
     Мектеп түлектері : ер балалар мен қыз балаларына арналған оқу орынның ерекшеліктері мен тиімді тұстарын  насихаттай келе оқу орынына білім алуға шақырды. 
     Азаматтық қорғау академиясының білікті мамандары  патриоттыққа тәрбиелей отырып сапалы білім беретіні айтылды.
328106483 3367176676866053 2669521500536895521 n 328297782 717437599791471 7517774323463576714 n 328440524 901453224531688 5264822301973080531 n

Орыс тілі мен әдебиеті пән онкүндігі басталды.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

 С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп- интернатында КММ . 30.01.2023 жылы орыс тілі  мен әдебиеті пәні бойынша  орыстың ғұлама ақыны, жазушысы А.С. Пушкиннің  225 жылдығына арналған "В мире поэзии" тақырында онкүндіктің ашылуы  өтті. 

      Онкүндіктің мақсаты: оқушыларды орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерімен таныстырып, оны жатқа айтқызу. 
   Онкүндіктің ашылуында оқушылар өлеңдерді жатқа айтып, би билеп, ән шырқады, сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар ұтып алды.
     Орыс тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 30.01.2023-10.02.2023ж. күндер  аралығында  жоспар бойынша өтеді.      
       Көп тіл білу өз-өзіңе көп мүмкіндік жасау. Барлық оқушыларды  жоспарлы күндердегі тапсырмаларға жүйелі дайындықта болып, қызығушылық танытып, ұйымшылдықпен белсенді қатысуға шақырамыз.
     Іс-шараға онкүн  бойы белсенді қатысып, көзге түскен оқушылар қорытындылау күні  мектеп директорының грамотасымен марапатталатын болады.
327759439 1613424282452667 1072887755136095449 n 328100074 1616603992109885 6519735138832133411 n

Түлектерге түрлі мүмкіндіктер

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

30.01.2023ж  күні

Түркістан жоғары көпсалалы , аграрлық колледжінің оқытушысы Түркеев Мереке С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ не келіп, мектептің  9-11сынып  оқушыларына үгіт насихат ретінде, мамандық таңдауға бағыт- бағдар беру мақсатында, ауылшаруашылығын өркендетуге қажетті бірнеше мамандықтарды таныстырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектері өздеріне қажетті ой пікірлерімен бөлісті.
328109851 570413124955037 2345741993394091604 n 328115257 965567461075333 7892711379902848412 n

"Қауіпсіз балалық шақ"

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2023 жылдың 20-31 қаңтар аралығында "Біз және Заң" тақырыбындағы онкүндік жоспарына сай және аудан прокуратурасының 10.01.2023 жылдың 2-12-23-00019 санды хаты бойынша заңдылықтың бұзылуын жою туралы "Ұсыну" хатында жіберілген кемшіліктерді жою туралы іс-шара жоспарына сәйкес,  "Қауіпсіз балалық шақ"  тақырыбында флешмоб өткізілді.

328343698 496735592619392 1856283208497255169 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!