«Бала қауіпсіздігі бәрінен маңызды»

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2022-2023 оқу жылынының 7-17 наурыз аралығында «Бала қауіпсіздігі бәрінен маңызды» тақырыбы аясында 7 наурыз күні «От пен су тілсіз жау» атты 8 сынып оқушылар арасында өрт қауіпсіздік жетекшісі Н.Нажимовтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында оқушыларға мына төмендегі ақпараттар берілді.

1681360814 336095609 193001176762442 1452903928691516014 n 1681360865 335431627 701399695000930 3686353223968056445 n

“1 наурыз -Алғыс айту күні”

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің 13.02.2023 жылғы 247 санды хатына сәйкес С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында “1 наурыз -Алғыс айту күні” тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының арасында арнайы сабақтар болып өтті.

327063229 492081539618812 7215499830939570083 n 333547272 521667300150020 971829599406889304 n 334159696 691781586071708 2545015371268900559 n

"Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан"

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының  2022-2023 оқу жылының 27.02-10.03.2023ж.  күндер аралығында өтетін  іс-жоспарына  сәйкес  "Адамның  адамгершілігі  жақсы ұстаздан" тақырыбында  үйірме  жетекшілерінің  онкүндік ашылуы болды. 

        Мақсаты: Оқушылардың  сыныптан  тыс  уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілетерін және қоғамдық қарым  қатынасың  қалыптастырып, өзіндік  талдау, жинақтау, жұмыста шапшандық таныту, өз ойын әдеби  тілмен  өрнектей білуге талпындыру. 
Үйірме жетекшілерінің  онкүндік  ашылуында  концерттік бағдарлама болып өтті. Өнерлі оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға  салып, әндерін  шырқап, би билеп, өнерлерімен көпшіліктің көңілін көтерді.
334450327 9285177218222962 4793459356292994336 n 334275137 916953342966172 9066428538740245174 n 327161230 1427508604660818 5341978249834115290 n

«Барлығыңыздың назарыңызға» дабыл белгісі берілді.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп–интернаты КММ.

2023 жылдың 1-наурыз күні сағат
 09:20 да «Барлығыңыздың назарыңызға» дабыл белгісі беріліп,  жалпы мектеп ұжымы және оқушылар қауіпсіз аймаққа ашық алаңға шығарылды.
Мақсаты: «1-наурыз Дүние жүзілік Азаматтық қорғау күніне» орай Төтенше жағдайлар  бойынша  қауіпсіздік  ережелерін  сақтауға  дайындау. 
      С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп–интернаты мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Бұйрығы 2023 жылдың 28-ақпан 3-наурыз  айларында  №71 бұйрығы мен жоспарын басшылыққа алып, мына төмендегі жұмыстар атқарылды.         
       Осыған орай әр сыныптарда азаматтық қорғаныс                      іс-шараларының жоспарларын іске асыра отырып, жер сілкінісі, сел, су тасқыны, боран, қар көшкіні, дауыл, авария, өрт қауіпсіздігі туралы оқушыларға арнайы тәрбие сағаттары өтілді. Сонымен қатар сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бағдарламасына сәйкес , 10-11 сыныптарда арнайы интерактивті сабақтар өтікізілді. 
     «Өзіңді де өзгені де құтқар» айдарымен мектеп ғимаратында және сыныптарда насихат бұрышы ұйымдастырылды. Арнайы осы іс-шара барысында мектеп-интернаты ғимаратындағы қызметкерлер осы іс-шараға толық тартылды. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша құтқару тобы,  қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, өрт сөндіру тобы, медициналық құтқару топтары құрылып, осы жоғарыдағы іс-шараға атсалысты. 10-11 сынып оқушыларын аудандық төтенше және өрт сөндіру бөлімшелеріне экскурсияға апарып, іс-шара барысында арнайы үлгілі сабақтар өткізілді. 
  АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы   Орақбаев Әлібек Тұрғанбекұлы.
333409182 861504578267501 5716667239319814885 n 334279271 609617427671063 9065334094466988762 n

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің "Educate, motivate, stimulate.! " тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Ағылшын тілі пәні бірлестігінің "Educate, motivate,  stimulate.! " тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы. 

С.  Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында ағылшын тілі онкүндігінің ашылуы болды.  
Мақсаты: Балалардың ағылшын тіліт пәніне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру,  тіл аралық байланысты нығайту. Өзге ұлт тілдерін құрметтеуге шақыру.  Ағылшын және Британ елдерінің салт-дәстүрі және мәдениетімен оқушыларды тереңірек таныстыру. 
Ағылшын тілі онкүндігінің ашылуына ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама болып өтті.   Оқушылар сахналық көріністер қойып,  ағылшын тілінде әдеби монтаждар оқыды.  Сонымен қатар өнерлі жастарымыз ағылшын тілінде ән шырқап,  би билеп өз өнерлерімен көпшіліктің көңілін көтерді.
332306184 508247354802650 4216558523476510987 n 332505052 1234852720464609 8539286693151543971 n 332629133 1168438113823599 7986119554295980805 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!