"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті"

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

  Аудандық білім бөлімінің  10.04.2023 жылғы 633 -ші бұйрығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенді жоспарын" басшылыққа алып, С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты  КММ нің педагог ұйымдастырушысы Гульмира Умирзаковна жоспарға сай іс-шараны бастап, түсіндірме жұмысын жүргізіп өтті. Мектеп қызметкерлерінің қатысуымен  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті" тақырыбында  тарих пәнінің мұғалімі Бағила Кадирова көлемді, өмірмен байланыстырып, мағыналы баяндама оқып, дыбыспен бейне роликтер көрсетіліп , мәліметтер берді.

    Бұл іс жоспарды орындау барысында  мектеп коридорындағы теледидардан бейне роликтер тыңдалымға қойылды.
1683081020 340636710 2432856473558006 7295024254640035180 n 1683081085 341095288 2511301802351288 5417665867918352767 n

ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ пәндерінен викториналық сайыс сабағы өтті.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты 2022 - 2023  оқу  жылында  өткізілетін  12- сәуір  "Ғылым қызметкерлері"  күні   мерекесіне   арналған   онкүндігіндегі   іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  14.04.2023ж. күні  Химия  және Биология  пән бірлестігінде  оқушыларға  ғылымның  құпиясы мен  қызығы мол  екенін  жеткізе  отырып,  ойын  элементтері арқылы  қосымша  материалдардан  мағлұмат беру, ой - өрісін дамыту,   білімдерін   нығайту  мақсатында  химия  пәнінен "Шекарасыз ғылым", оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология  пәні  бойынша  білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын  дамыту мақсатында биология пәнінен "Ақыл лабиринттері" тақырыптарында викториналық сайыс сабақтары өткізілді.

1683081751 336906042 679862700565156 2200261905562274459 n 1683081814 341873483 1044242869885901 6563231794903262701 n 1683081816 337286828 3291880361122075 8486086836334265356 n

Діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2022-2023 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық   бұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында  9-11 сынып оқушыларыменен  діни  экстремизмнің,  теріс  пиғылды  діни ағымдардың алдын алуға  бағытталған  теолог  А.Дүйсенмен кездесу  болып  өтті.  Кездесудің  мақсаты  жас  ұрпақты  діни экстремизмнің алдын алу барысында  атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді  сақтауға,  ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу. Оқушыларға қоғамдағы  теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде  ақпарат берілді. Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген  әр түрлі сұрақтарды  қойып, қажетті мағлұматтар алды.

1683080740 341078016 5890884591039466 5377056484851275401 n 1683080768 340937331 198949519519352 6835772042888330989 n

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров  атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2022-2023 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын  алу мақсатында  9-11 сынып оқушыларыменен ЮПТ инспекторы Н.Шерниязов,  Е.Жұманпен кездесу  болып  өтті.  «Аналитикалық  интернет  картасы» ақпараттық  жүйесін  пайдалана  отырып,  деструктивті  діни идеяларды ұстанатын және тыйым  салынған  контентке қызығушылық танытатын  кәмелетке  толмағандарды пайдаланушылар  арасында  анықтау  тұрғысынан  жастар арасында неғұрлым танымал әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг және түсіндірме-профилактикасы жүргізілді. Оқушыларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берілді.

  1683080427 341000351 1231707627453515 7302825500213463955 n1683080450 341023361 440564318288172 1221309364109990669 n

Шахматтан челендж өткізілді

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Бәйдібек ауданының  адами  әлеуетті  дамыту  бөліміне  қарасты «С.Әбдіжаппаров  атындағы  жалпы  орта  мектеп–интернаты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі.

     2023 жылдың сәуір айының 12 жұлдызы күні оқушылар және мұғалімдер арасында шахматтан челендж өткізілді.
Шахмат  ойнау  челенджінің  мақсаты  білім   алушылардың  шахмат  ойнауға  қызығушылығын  арттыру,  сыни  және  логикалық  ойлауын дамыту, қарым-қатынасты жақсарту.
1681368109 340834078 123169980737175 3627714099343900168 n 1681368096 340786485 192728076939218 4221659244072335138 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!