"Бастауышым-балбұлағым"

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

19.05.2023 Бәйдібек аудандық әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2022-2023 оқу жылында МДТІЖО А.Алхатованың жылдық жоспарына сәйкес "Бастауышым-балбұлағым" тақырыбында 4"А",4"Ә",4"Б",4“В”,4”Г” сынып оқушыларына арналған іс-шара болып өтті. Іс-шараға ата-аналар, оқушылар белсене қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде аталып өтті.

347821196 204484039068523 5667525756426103368 n 348241378 220840134021718 7234633091572178831 n

"Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына"

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

15 наурыз Халықаралық отбасы күніне орай Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының психологі Өмірбай Айзат пен әлеуметтік педагог Сапарова Жанар және мектеп психологтары А.Омарбекова мен А.Жакатовалардың ұйымдастыруымен 1 сынып оқушыларымен "Менің тату отбасым" тақырыбында тренинг,8 сынып оқушыларымен "Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына " тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Іс шара мақсаты : Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық қатынастарды нығайту, ата анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.

347223071 196506489947963 3474566498387376498 n

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктантының өткізілуі

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктантының өткізілуі туралы ақпарат

04.05.2023 күні С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының 2023 жылғы 11 ақпандағы №42-01-11/856 хатына сәйкес, Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасы) мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» жалпы ұлттық потриоттық диктантын өткізу тапсырмасына сәйкес мектептегі мұғалімдер, оқушылар және кіші буын қызметкерлерінің қатысуымен диктант алынды. Диктантты өткізу уақыты 2023 жылғы 4 мамыр сағат 11:00 деп белгіленіп, өткізу ережесі мен мәтіні келді (диктанттың мәтіні ережеге сәйкес қосымша жолданды). Тапсырманың маңыздылығын ескере отырып, ережеге сәйкес өткізілді.
Диктантты жазудың мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауаттыжазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант жазуға қойылатын талаптар:
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктантпен өңір тұрғындарының кем дегенде 30 %-і қамтылуы тиіс;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды.
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатынан 72 мұғалім, 218 оқушы, 20 кіші буын қызметкерлері қатысып, диктант жазды.
4ac31861 e9af 4d2f 9fb6 7054b3e0477c  fc21511a 3adc 492c 9816 14f333661976 

Мектептің оқушылар арасында жиналыс болып өтті

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 02.05.2023 ж.АПБ ЮПТ инспекторы Н.Шерниязов,мектеп директоры К.Ж.Апекованың қатысуымен МДТІЖО Г.Айдарбекованың ұйымдастыруымен мектептің  оқушылары арасында жиналыс болып өтті. Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.Суицидтің алдын алу
2.Әлімжеттілікке жол бермеу
3.Беймезгіл уақытта жүрмеудің және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
1683083222 344237556 1732167800541831 407111248836681567 n 1683083238 344574240 578946270884704 5843604097732628887 n

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2023 жылдың 26 сәуір күнгі 783 хаты негізінде мереке күндерінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 28 сәуір күні оқушылар мен ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында жол қауіпсіздігі, су, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мереке күндері мектептен тыс жерлерде (кафе, мейрамхана, табиғат аясына серуендеуге) мерекелік іс-шараларды өткізуге жол бермеу керектігін, түнгі беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз тұрғын- жайдан тыс жерлерде жүрмеуін ескертті.

1683082658 344572906 2692142440951759 836653488735660290 n 1683082658 344724490 268316932360307 8484234477680118866 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!