Діни экстремизмнің алдын-алу іс шарасы

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің діни экстемизм мен терроризмнің алдын алу бағытында білім беру мекемелерінің өзара іс-қимыл жұмыстары және жоғары сынып оқушыларымен теолог мамандарды тарта отырып кездесулер ұйымдастыру  тапсырмасына сәйкес

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп интернатында  13.09.2021ж күні дінтану пәні мұғалімі Байшымыр Әнипаның ұйымдастыруымен 
  «Діни экстремизмнің алдын-алу»  тақырыбында Шаян ауылының  орталығындағы  Нақыпбеков Әуен мешітінің азаншы молдасы Айтжанұлы Мараттың қатысуымен   кездесу өткізілді.
    Мектеп кітапханасында өтілген  іс-шараға мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Г.Айдарбекова, тарих пәні мұғалімдері мен  9-сынып оқушылары  қатысты. 
Дінтану пәні мұғалімі Ә.Байшымыр   бірінші кезекте бүгінгі кездесу іс-шарасының мақсатымен бірге кешке қатысушы имамды таныстырып өтіп ,арнайы дайындалған видеороликті көрсетіп өтті.
9-сынып оқушылары діни экстремизм,терроризм ұғымдары туралы ақпараттарды айтып өтіп, имамға өз сауалдарын жолдады.
Сөз алған  Айтжанұлы Марат оқушылардың сауалдарына жан-жақты жауап бере отырып, бүгінгі қоғамдағы діни ахуал, Қазақстанның діни саясаты, діни экстремизмнің бүкіл адамзатқа тиігізетін теріс әсері жөнінде баяндай келе, діни экстремизм-ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қан төгістер ұйымдастыруға жол ашатынын, пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түсетінін айтып, оқушыларға  радикалды ағымдардан сақтану жөнінде кеңес берді.

 Кездесу барысында оқушылар діни экстемизм мен терроризмнің  салдарын терең ұғынып, жат ағымдардан сақтану туралы жан-жақты кеңес алды,сондықтан да жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараның оқушыға берері мол болды.


242033979 535373950893984 438047599266689861 n 242188032 535374014227311 3607098585057233272 n

Түнгі рейд жұмыстары

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С. Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты "Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының жедел алдын алу" іс-шарасы бойынша мектепішілік жоспармен кезекшілік кестесі түзіліп, түнгі рейдке шығу жұмыстары жүргізілуде.

Түнгі рейдке бүгін үшінші күн мектеп мұғалімдерімен бірге аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет жасауда.

242104563 535196860911693 4541457641037003479 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!