Жастар арасында шетелдік теологиялық оқу орындарында заңсыз діни білім алудың қауіптілігі

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2023 жылдың 18 сәуір күнгі 710 хаты негізінде Түркістан облысы терроризмге қарсы комиссия отырысының 11 хаттамалық тапсырмасына сәйкес жастар арасында шетелдік теологиялық оқу орындарында заңсыз діни білім алудың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 2023 жылдың 27 сәуір күні сағат  12.00- де Шаян ауылында орналасқан С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы-Ө.Алдамжаров,

Бәйдібек ауданының бас имамы-Е.Полатов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері- Н.Бегеровтің қатысуымен ақпараттық-насихаттық топтың желілік кестесіне сай кездесу өткізілді.
1683082497 343166802 726185419302471 1910574921060742801 n 

"Мейірімді әлем" тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы өтті.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

"Мейірімді әлем" тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы өтті.

       Мектеп директорының 24.04.2023 күнгі 144 бұйрығына сәйкес, педагог-психологтар А.Жакатова мен А.Омарбекованың ұйымдастыруымен  жоспарлы  "Мейірімді әлем " тақырыбында онкүндіктің ашылуы болып өтті.
      Онкүндіктің мақсаты: Әлеуметтік педагог пен педагог психологтардың жұмысын үйлестіру, қосымша білім беру педагогтердің жұмыстарының қолжетімді екенін көрсету, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жағымды мінез құлық қалыптастыру, зорлық зомбылықтың алдын алу;
       Жоспарға сәйкес, 7-8 сынып оқушыларымен  "Із кесушілер "  психологиялық акциясы жүргізілді.    
        Акция  мақсаты : Қатысушылардың түрлі ақпараттарды жинау арқылы танымын кеңейту. Шапшаңдығымен көзге түскен топ, онкүндіктің соңында марапатталады.
     24.04.2022 күні Арттерапияның бір саласы би терапиясын пайдалана отырып , мектептің музыка  жетекшісі Л.Ашенованың ұйымдастыруымен флэш моб өткізілді.
1683082234 343326222 604257578309040 587166726776634211 n 1683082278 343398226 976783853514127 3493489159419157252 n

«Қауіпсіз болашақ»

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық мекемелерінде жүруі бойынша «Қауіпсіз болашақ» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы  бойынша    мектеп мұғалімдері кестеге  сай  полиция қызметкерлерімен  бірлесіп жұмыстар  жүргізді. Рейд барысында келеңсіз  оқиғалар орын алған жоқ.

1683081602 341985249 1260989204489879 4616573250335367773 n

ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТ-БАҒДАР ТӘЖІРБИЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ. Мектептің  педагог-психологі Айгерім Омарбекова мен әлеуметтік педагог Мөлдір Сатыбалдының ұйымдастырумен «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық  және физиологиялық зорлық-зомбылық» тақырыбында пікір алмасу сағаты өткізілді.

      Мақсаты: баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие екендігіне ұмытпау.
     Нәтижесінде мамандар мектептің ЖАС МАМАН ұстаздарымен  қызықты мәліметтер алмаса отырып, тәжірибелерімен бөлісті.
1683081411 341853403 164358806222109 2302854597159865525 n 1683081460 341459153 196254729540469 3255510915656341000 n 1683081482 341083878 1565605013919020 6313217086004896399 n

"Жаңашыл қосымша білім беру педагогы" байқауы болып өтті

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Аудандық адами әлеуетті бөлімінің 05.04.2023 ж күнгі  365-ші бұйрығын негізге ала отырып,  мектепішілік "Жаңашыл қосымша білім беру педагогы" бақауы  С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ нің үйірме жетекшілерінің қатысуымен өткізілді. Қосымша білім беру педагогы  "Жас биолог" үйірме жетекшісі  Заманхан Нұрайымның ережеге сай жасаған жұмыстары өз дәрежесінде бағаланып,  аймақтық кезеңге ұсынылды

1683081179 341141350 223248943690240 8365381896642187088 n 1683081227 341687852 5921372221293696 5823525752551054365 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!