"Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі"

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров  атындағы  жалпы орта  мектеп-интернатында  30.03.2023 ж.сағат 17.00 де кезекті ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста қаралған күн  тәртібіндегі мәселелер: 

1. Кәмелетке  толмаған  жасөспірімдер  арасындағы  құқық бұзушылық  профилактикасы  мен  ата-ана   жауапкершілігі бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы.
 АПБ-нің  ЖПҚ ЮПТ УПИ  полиция  майоры  А.Суйеубекова  ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2. Мектептің  педагог-психологы  А.Омарбекова  "Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында ата-аналарға кеңес берді.
3. "Ата-ананың   бала  тәрбиесіндегі  жауапкершілігі" тақырыбында  педагог-психолог  А.Жакатова  баяндама  оқыды.
4. "Балалардың  отбасындағы  құқықтары  мен  міндеттері" тақырыбында  мектептің  әлеуметтік  педагогы  М.Сатыбалды  ата-аналарды  презентациямен  (слайд)  таныстырды.
5.  ІІІ-тоқсанның  оқушылардың  оқу  үлгерімімен  сынып қабинеттерінде  сынып  жетекшілері  баяндап,  ата-аналарға төтенше жағдайлар  кезінде  іс-қимыл  туралы  жадынамалар таратты.
1681367847 340027583 1355718344971789 7772969659240272034 n 1681367872 340081299 529295362490369 6407359649480529625 n

«Қауіпсіз болашақ»

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров  атындағы  жалпы  орта  мектеп-интернаты  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде   кәмелетке толмағандардың  түнгі  уақытта  көшеде  және ойын-сауық мекемелерінде  жүруі  бойынша «Қауіпсіз  болашақ» атты жедел-профилактикалық  іс-шарасы  бойынша  мектеп директоры К.Ж.Апекова мен мектеп мұғалімдері кестеге  сай  жұмыстар  жүргізді. Рейд барысында келеңсіз  оқиғалар орын алған жоқ.

1681367230 339145359 737619504695493 7631809032441396773 n 1681367248 338815054 776084933694935 4899888994739327425 n 1681367289 339170848 112414745147104 5649753472764646833 n

«Барлығыңыздың назарыңызға» дабыл белгісі берілді.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

«С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп–интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2023 жылдың 30-наурыз күні сағат 11:00 де «Барлығыңыздың назарыңызға» дабыл белгісі беріліп, жалпы мектеп ұжымы және оқушылар  қауіпсіз  аймаққа  ашық  алаңға  шығарылды.
Мақсаты:  «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше жағдайлар  бойынша  қауіпсіздік  ережелерін  сақтауға және де кешенді оқу жаттығуы өткізуіне байланысты мектепте 30-наурыз күні сағат 11:00-де «Жер сілкінісі  қауіпі жағдайындағы» оқу  жаттығуы  жүргізіліп, іс-шара  толық  атқарылды.  
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп–интернаты мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Бұйрығы 2023 жылдың  
 29-наурыз  күні  №98  бұйрығы  мен  жоспарын   басшылыққа  алып,  мына  төмендегі  жұмыстар  атқарылды.   Осыған  орай,              
 әр  сыныптарда   азаматтық  қорғаныс  іс-шараларының жоспарларын  іске  асыра отырып, жер сілкінісі, сел, су көшкіні, өрт қауіпсіздігі  туралы  оқушыларға  арнайы  тәрбие  сағаттары өтілді. Сонымен қатар,  сыныптарда «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бағдарламасына сәйкес, «Өзіңді де өзгені де құтқар» айдарымен мектеп  ғимаратында  және  сыныптарда  насихат  бұрышы ұйымдастырылды.  Арнайы  осы  іс-шара  барысында   мектеп-интернаты  ғимаратындағы  қызметкерлер  осы іс-шараға толық тартылды.   Азаматтық  қорғаныс  және  төтенше  жағдайлар бойынша  құтқару  тобы,  қоғамдық  тәртіпті  сақтау  тобы,  өрт сөндіру  тобы,  медициналық  құтқару  топтары   құрылып,  осы жоғарыдағы  іс-шараға  атсалысты. 
АӘжТД пәнінің  оқытушы-ұйымдастырушысы  Орақбаев  Әлібек Тұрғанбекұлы.
1681367142 338881076 615879739912849 3091674171509504497 n 1681367084 338852185 1206273850280637 1130381533306544697 n

«Қош келдің, әз Наурыз!» байқауы мұғалімдер мен қызметкерлер арасында өткізілді.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

«Қош келдің, әз Наурыз!»  

Ұлы  мерекесіне  байланысты 
      Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімне қарасты С.Әбдіжаппаров атындағы  жалпы  орта мектеп – интернаты КММ.
       20-наурыз күні мектепішілік жоспарға сай, дәстүрлі  22 наурыз "Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз " меркесіне күлімдеген  шуақты  көктеммен  бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз  тойын тойлатып,   онкүндік  іс-шара  аясында  «Қош келдің, әз Наурыз!»  байқауы  мұғалімдер мен  қызметкерлер арасында өткізілді. 
       Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен,  әртүрлі  тағамдарымызбен,  әдет-ғұрпымызбен  байланыстыра  насихаттап,  ұрпақтардың  өз ұлтына деген сүйіспеншілігін, арттыру.
      Мектеп қызметкерлері арасында іс шараға белсене қатысқан, жақсы өнер көрсеткен, барлық қатысушыларға ынталандыру сияпаттарын ұсынып, мектеп директорының  жүлделі Алғыс хаттары берілді.
1681363861 336765482 1251473778788009 5042829818495042689 n 1681363911 337143797 1187627241957183 9003047418501484268 n

Түлектердің ұйымдастыруымен АНАЛАР МЕРЕКЕСІ аталып өтілді.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров  атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ

 Аналар мерекесі күні 11 сынып  түлектерінің  ұйымдастыруымен мектептің ер балаларының таңғы қошеметпен жол жиегін жасап , мектептің әйелдер ,қыздар қауымына деген қол шапалақтап әуенмен қарсы алған құрметтері  Ұстаз -аналарды үлкен қошеметке бөледі.
Бұл құттықтаулар түлектердің құттықтау іс шаралары билері мен әндерімен жалғасын тапты . 
    Концерт соңында мектеп мұғалімдері мен кіші буын қызметкерлеріне , интернат меңгерушілеріне Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен аудандық  адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының, аудандық кәсіподақ комитеті төрайымының, аудан әкімінің және мектеп директорының сонымен бірге түрлі байқаулар жеңімпаздары  Алғыс хаттары, Мадақтама, Құрмет грамоталарымен марапатталды .
   Аналар мерекесін ұйымдастырып, керемет көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мектептің өзін өзі басқару ұйымына және оның президенті  11сынып оқушысы Жақсыбек Саят Сұлтанұлына ерекше  рахмет жолдаймыз.
1681363701 336679829 2851621148303481 2540204417411890773 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!