БІЗДІҢ МЕКТЕПТІҢ ЖАС МАМАНДАРЫ ІІ Республикалық жас мамандар форумында.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп жас мұғалімдермен жүйелі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2023 жылғы 24-25 тамыз күндері (Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі,
1-үй, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының базасында) «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты II Республикалық жас мұғалімдер форумына Кентау қалалық және Бәйдібек,Ордабасы, Отырар, Сауран,Созақ, Төлеби аудандарынан жас мамандар баратыны хабарланды.
2023 жылғы өтетін аталған II Форумның жұмысы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандардың рөлін нығайтуға және қолдауға бағытталған Қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ корпоративтік жеңілдігі бойынша «Park Inn by Radisson Astana» қонақ үйіне орналастырды.
Осыған аталған іс шараға С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп- интернаты КММ нен екі жас маман ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бердібекова Сымбат пен информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Лаура жіберілді.
2023 жылы II Форумның жұмысы ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас мамандардың рөлін нығайтуға және қолдауға бағытталып отыр. Форум ауыл мектебінің жас мұғалімдеріне өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді, цифрлық технологияларды қолданудың озық тәжірибелерімен, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерімен таныстырады.
Жас мұғалімдерге шеберлік сабақтар, педагогикалық квестер, тренингілер мен тақырыптық алаңдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ қатысушылар өз еңбек жолын құрып қана қоймай, өз әлеуетін іске асыру үшін жұмыс істейтін жас мотивациялық спикерлермен кездесіп, сұрақтар қоя алады.
Әріптестерімізге сапарларың сәтті болып, білімдеріңді шыңдап, үлкен ортада тек алдыңғы қатарлардан көрініп, қоржындарың жаңа оқу жылында жақсы жаңалықтарға толы болсын дейміз.

370510288 948589439572431 8514812326473191836 n 370551724 948590702905638 7896399549990258347 n 369729476 948609012903807 6249309450560571565 n

”КММ-де 21 маусым күні 9,11 сынып оқушыларына салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

"Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 23 мамыр күнгі №959 санды хатына сәйкес “С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп- интернаты” КММ-де 21 маусым күні 9, 11 сынып оқушыларына салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және жас түлектер қатысты. Мектеп басшысы Апекова Қалзат Жүсіпбекқызы бітіруші түлекке жылы лебізін білдіріп, болашаққа сәт-сапар тіледі. Іс-шара соңында жас түлектер мектеп ұжымы мен білім берген ұстаздарына арнайы жүрек жарды алғыстарын білдірді.

355835836 918706479227394 6160157152541850139 n 355830060 918706445894064 5690589836749043482 n

 

Мемлекеттік рәміздер күні.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен,
4 маусым рәміздер күніне орай, Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға, ұлықтауға арналған "Әскери-қолданбалы спорт түрінен" өткізілген жарыста С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ -і жүлделі
ІІІ-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

351312440 769395494878443 7291054737531234169 n 351339390 729237749003632 3617296806371167012 n

 

1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні және оқу жылын қорытындылау салтанатты жиыны болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп- интернаты КММ. 1 маусым күні 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты мектепішілік 2023 оқу жылын қорытындылау салтанатты іс- шарасы бітіруші түлектердің яғни өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен болып өтті. Биылғы оқу жылында 53 түлек орта білімді аяқтайын деп отыр.
Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Тоқпанбетов Мэлс Жұмабекұлы , түлектердің ата-аналары , мектеп мұғалімдері, оқушылар және мектебіміздің қажеттілігіне қарай, қол көмегін беріп, демеушілік еткен қонақтар: депутат Кенехан Асқар Оразханұлы, демеуші апамыз Құлатаева Оңласын Құлатайқызы, ата-ана әрі кәсіпкер демеушілеріміз Шаян ауылының тұрғындары Пернебек Ермек Шайрбекұлы мен Төрегелді Бағлан. Сонымен бірге мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы ата -ана Нағима Қырықбаева, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Эльмира Жамашева және осы мектептен еңбек демалысына кеткен ардагер ұстаздарымыз Ахметова Майра мен Тұрсынбетова Талина апайларымыз шақырылды.
Салтанатты іс шараны мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызы ашып, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша жеткен жетістіктері мен толағай табыстарға тоқталып, ұстаздарды , бітіруші түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Демеушілерге арнап, дайындалған Алғыс хат "Жомарт жүрек" атты лента мен сыйлықтарын және 2022-2023 оқу жылын үздік бітірген он екі оқушыға кезекті "Қалыш ана" степендиясында өз қолымен табыстады.
Іс шара барысында аудандық , облыстық пәндік олимпиадалардан жүлделі орын алған оқушыларымыз бен ұстаздарымызда марапатталды.

350970309 275256541560467 4563047768479091627 n 350997922 804203678035089 1427148762340538882 n 350960355 1972963883038982 4199529646539986198 n

31 мамыр-Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі-миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылық қүрбандарын еске алу күні.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

31 мамыр-Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі-миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылық қүрбандарын еске алу күні.
Қасіретті жылдардың зұлматы, ұлтты өрге сүйрейді-ау деген талай азаматтарымыздың түбіне жетті.
Өткенге салауат айта отырып, кейінгі жас ұрпаққа зұлмат жылдардың оқиғасын түсіндіру, жазықсыз құрбандардың есімдерін насихаттау, дәріптеу мақсатында орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Зобалаң зардаптары " тақырыбында тарихи кеші " өткізілді. Кешімізді аудан әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Берік Нұрғалиұлы ашып берді. Шара барысында жалған жала құрбаны болған Алаш арыстары туралы кеңінен мағлұмат беріліп, тақырып аясында өлеңдер оқылды. "Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер" кітап көрме жасалынып, таныстырылды.
Қазаға ұшыраған, ел тағдыры жолында жаны қиылған азаматтардың рухына тағзым ету, олардың еңбектері үшін алғыс білдіру тәуелсіз елдің кез-келген азаматтың парызы.

350648786 1002799220883217 2164034506957681219 n 350805498 1049419986041604 4474858621930180384 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!