1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні және оқу жылын қорытындылау салтанатты жиыны болып өтті.

Автор: Super User. Posted in Жаңалықтар

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп- интернаты КММ. 1 маусым күні 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты мектепішілік 2023 оқу жылын қорытындылау салтанатты іс- шарасы бітіруші түлектердің яғни өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен болып өтті. Биылғы оқу жылында 53 түлек орта білімді аяқтайын деп отыр.
Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Тоқпанбетов Мэлс Жұмабекұлы , түлектердің ата-аналары , мектеп мұғалімдері, оқушылар және мектебіміздің қажеттілігіне қарай, қол көмегін беріп, демеушілік еткен қонақтар: депутат Кенехан Асқар Оразханұлы, демеуші апамыз Құлатаева Оңласын Құлатайқызы, ата-ана әрі кәсіпкер демеушілеріміз Шаян ауылының тұрғындары Пернебек Ермек Шайрбекұлы мен Төрегелді Бағлан. Сонымен бірге мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы ата -ана Нағима Қырықбаева, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Эльмира Жамашева және осы мектептен еңбек демалысына кеткен ардагер ұстаздарымыз Ахметова Майра мен Тұрсынбетова Талина апайларымыз шақырылды.
Салтанатты іс шараны мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызы ашып, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша жеткен жетістіктері мен толағай табыстарға тоқталып, ұстаздарды , бітіруші түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Демеушілерге арнап, дайындалған Алғыс хат "Жомарт жүрек" атты лента мен сыйлықтарын және 2022-2023 оқу жылын үздік бітірген он екі оқушыға кезекті "Қалыш ана" степендиясында өз қолымен табыстады.
Іс шара барысында аудандық , облыстық пәндік олимпиадалардан жүлделі орын алған оқушыларымыз бен ұстаздарымызда марапатталды.

350970309 275256541560467 4563047768479091627 n 350997922 804203678035089 1427148762340538882 n 350960355 1972963883038982 4199529646539986198 n

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!