Мектеп- интернаты туралы

Автор: Super User. Posted in Жалпы ақпарат

                                                   Мәлімет             

                Бәйдібек ауданы Шаян ауылының орталығынан 2011 жылдың 4 қыркүйегінде  облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың  қатысуымен заман талабына сай мектеп жанынан 350 орындық интернат пайдалануға беріліп №1 жалпы орта мектеп-интернат коммуналдық мекемесі ашылды. 2017 жылдың қараша айынан бастап интернатымыз Кеңес одағының батыры жерлесіміз  С.Әбдіжаппаров  атамыздың  атымен аталып келеді. Қазіргі уақытта С.Әбдіжаппаров  атындағы жалпы орта мектеп-интернатының мектеп жанындағы  интернатында  қазіргі  уақытта 33 қызметкер  қызмет атқаруда.

           Интернатымызда аудан орталығынан шалғай орналасқан елді-мекеннің балалары, қойшы отбасының балалары, көп балалы отбасының балалары, әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасының балалары жалпы түрлі әлеуметтік жағдайдағы отбасының мұқтаж балалары жатып білім алуда. Интернатта тәрбиеленушілер 7 топқа бөлінген. Әр топтың атаулары бар: «Жас түлек» тобының тәрбиешісі Манашева Бақытта 4 сынып пен 11сынып оқушылары, «Бірлігіміз жарасқан» тобының тәрбиешісі Құдайбергенова  Нұршаттың тобында 5 сынып, «Жас жалын» тобының тәрбиешісі Кенжебекова Розада 7сынып пен 8 сынып оқушылары, «Балдырған» тобының  тәрбиешісі  Оспанова Салтанаттың  тобында мектеп алды дайындық сыныбы мен 3 сынып оқушылары, «Жас қыран» тобының  жетекшісі Байдарбекова Ельзирада 2 сынып пен 10 сынып оқушылары, «Жас дәурен» тобының тәрбиешісі Ускенбаева Гүлнұрда 1сыныппен 9 сынып оқушылары, «Өркен» тобының тәрбиешісі Төлеген Жанарда 4 сыныппен 6-7 сынып оқушылары тәрбиеленуде. Биылғы пандемияға қарсы қашықтықтан интернатта тәрбиешілер жоспарлы ашық тәрбие сағаттарын  және өздеріне берілген іс-шараларды уақытында өткізіліп отырды. Оқу жылының екінші жартысында  интернат офлайн  форматында  жұмысын   жалғастырды.

     Жоспарға сәйкес  04.03.2021 жыл күні көп мәдениетті  және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша «Ана –өмірдің гүлі»  атты тақырыпта мерекелік іс-шара және  Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 10 күндік іс-шараға байланысты  интернат тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен қазақ халқының салт - дәстүрін насихаттау мақсатында «Қош келдің -Әз Наурыз! атты мерекелік кеш аталып  өтті.

        Интернат  тәрбиешілері  оқушылардың бос уақытын тиімді  пайдалану  мақсатында шашка,  шахмат,  тоғызқұмалақтар  ойнатып  балалардың  ой өрісінің  дұрыс дамуына өз  үлестерін  қоса білді. Интернатымыздың бұдан да үлкен белестерге жетіп көркейуіне біздің қызметкерлеріміздің  атқарған үлесі зор. Алдағы уақытта  бұдан да  үлкен  жетістікке  жетеміз деген ойдамыз.

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!