Жылдық есебі

Автор: Super User. Posted in Жалпы ақпарат

                                                        С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта                        

                                        мектеп-интернатының директоры К.Ж.Апековаға

                                      мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі

                                        орынбасарлары Г.У.Туреханова мен        

                                       Г.Н.Айдарбековалардың тәрбие бағыты бойынша

                                       2020-2021 оқу жылындағы І-ІІ жарты                      

                                       жылдық қортынды талдау есебі.

                      

       2020-2021 оқу жылына арналған тәрбиенің негізгі бағыттарын онлайн және офлайн форматта өткізу туралы жылдық жоспарлы жұмыстардың атқарылуы.

     Тәрбие жұмысының мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анақтау. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған түлға тәрбиелеу.

       Жылдық жоспарға сынып жетекшілері ,оқушылар, әлеуметтік-педагог, педагог-психологтар, ата-аналар, коғамдық ұйымдармен бірлесіп атқаратын жұмыстардың мазмұны енгізілген.

     Мектепте 1-11 сыныптарда 46 сынып контингенті жұмыс жасады. 90 % сынып жетекшілер курсынан өткен. Өтпегендер : Жолдасбекова Маржан, Кенеханова Гүлнұр, Есалы Айгерім. Сертификаты жоқ сынып жетекшілерді курсқа жіберу туралы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласы әдіскеріне ескертілген. 2020-2021 оқу жылында курс келмеді.

   Оқу жылы барысында оқушылар мен сынып жетекшілердің жылдық атқарған жұмыстарына талдау сараптама диогностикасы жасалды.     Жас сынып жетекшілер Ж.Сапарова, И.Туленова, А.Адилбекова , Ғ.Орынбековаларға тәлімгер мамандары бекітілген. Сынып жетекшілерге атқаратын қызметтері , қандай мәліметтерді білуі туралы бағыт бағдар , әдістемелер ескертілді.

-          оқушының денсаулығы;

-          отбасындағы тұрмыс жағдайы;

-          ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

-          мінез –құлқы, темпераменті, қабілеті, еркі, зейіні, т.б.

-          ата-ана,үлкендермен, құрбыларымен қарым –қатынасы,

Мектеп-отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығына тікелей басшылық ететін бірден бір орган. Ынтымақтастықпен жұмысты жүргізудің бірнеше формасын пайдалана отырып жұмыстар атқарылды. Мысалы:

  1. 1.Ата-аналар жиналысы;
  2. 2.Мұғалімдердің оқушылардың үйіне барып, тұрмыс-тіршілігімен танысуы;
  3. Педагогикалық насихат, ата-аналарға педагогикалық білім беру, әдістемелік кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Мектепте өтілетін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар жоспары құрылған.

   Мақсаты: Оқушыларды мектеп өмірінің қалыптасқан дағдылары мен дәстүрлі мерекелерін сақтау және жалғастыруға үйрету.

Қажеттілігі: Қоршаған дүниені дұрыс танып қана қоймай, оның жан-жақты дамыған, рухани жан дүниесі бай , өз елін сүйетін, жарасымды тұлға болып қалыптасуы.

Нәтижесі: Оқушылардың өз елінің тарихын, мәдениетін біліп, ақпараттық құзіреттіліктерін қамтамасыз етіп, рухани жан- дүниесінің байыту.

     Дәстүрлі мерекелік іс-шаралар Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып онлайн форматта өткізілсе , өтпеген дәстүрлі іс-шараларда болды.

     2020 оқу жылын «Білім күніне» арналған «Білімді ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында   1-11 сыныптарда онлайн форматта арнайы тәрбие сабақтары өтілді.

Денсаулық күні: «Денсаулығым – бар байлығым» денсаулық фестивалі, Жаңа жыл ертеңгіліктері аталып өтілмеді.

     Оқу жылы барысында 5 кезектен тыс, 4 жоспарлы ата-аналар және сынып жиналыстары ұйымдастырылды. Өткізілген ата-аналар жиналысында Короновирустық инфекцияның таралуына эпидемиологиялық жағдайға жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы өтті. Мектеп директоры мектеп ұжымымен оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Әлемді жайлаған індеттің әрі қарай жалғасуына жол бермеу үшін бір кісідей ат салысып, барлық қойылған талаптарды қатаң түрде сақтауға шақырды. Сонымен бірге қашықтан 1-11 сынып оқушыларымен сынып жиналыстары өтіліп, арнайы видео түсіріліммен түсірілген сабақтар ата-аналар чаттарына әдістемелік жадынамалар жолданды. Жиналысқа 907 оқушы және 1-11 сыныптың 774 ата –аналар қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша демалыс кездерінде ата-аналардан нұсқаулықтар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мәліметтер беріліп, таныстырылып, қол қойылды. Хаттамалар түзіліп, құжаттар жинақталған.

       Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының номенклатурасы бойынша 22 құжат бекітілген. Соның ішінде : Құқықтық оқыту және ҚР ның Президенттінің жолдауын жүзеге асыру жоспарлы іс-шаралары тиісті деңгейде жүргізілмеді. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасынан келген тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» бағытындағы жұмыстарда сауалнама алынып, талдау жасалмады. Алайда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытында   жергілікті «Алғабас» және Республикалық «Білім айнасы» журналдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Адал ұрпақ болашақ кепілі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыптарындағыф мақалалар жарық көрді.

  

-«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатындағы аудандық білім бөлімімен, аудандық ішкі істер бөліміміне , аудандық саясат бөлімімен, аудандық ауруханамен бірлескен іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілген. Жоспар бойынша:    «Абайлаңыз- балалар!» тақырыбында жедел-профилактикалық іс-шаралары , және «Түнгі көшеде балалар», «Жасөспірім» атты рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылды. Құқықтық бағыттағы «Полицияның жас көмекшілері» дружиналары мен   «Жас сарбаз», «Әкелер кеңесі», «Қыздар кеңесі», «Біз және Заң», «Қауіпсіз интернет», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, есірткі бизнесінің , алкогольизмнің алдын алу мақсатындағы және жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар өз дәрежесінде өткізіліп, дәлелді құжаттары жинақталды. Атқарылған жұмыстар мектептің, ауданның облыстың әлеуметтік желілеріне жарияланды. Қорытынды: Аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған және мектепішілік есепке алынған оқушылар жоқ.

      

         Мектепте 6 «Г» сыныпта оқитын қамқоршылықтағы М.С. және жайсыз отбасы тізіміндегі 6 «В » сыныптағы Е.Ш, Е.Е, 4 «А» сыныптағы Ж.А сынды оқушыларға ерекше көңіл бөлініп, жан-жақты қолдаулар көрсетілді. Осы оқушылардың отбасылық әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, ата-анасымен байланыс жұмыстары жүргізіліп, қажеттіліктері анықталды. Аталған оқушылар 07.06-16.06.2021 күндер аралығына ауданымыздағы «Болашақ » лагеріне тегін жолдамамен жіберілді.

    

-Тәрбие бағыттары бойынша жаңа оқу жылы қыркүйектен бастап,  

1-4, 5,9,11 кезекші сыныптарда дәстүрлі, 6,7,8,10 сынып оқушылар аралығында онлайн форматта қашықтан «Білімді ұрпақ жарқын болашақ», «Отбасы- бақыт мекені», «Назар аударыңыз балалар!», «Ардагерді ардақтайық», «Ұстаздарға мың алғыс», «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында іс-шара, күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын ұйымдастыру бағытында «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!», «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспары, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау», « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеу», бойынша іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, жоспарлы жұмыстар мен арнайы тәрбие сабақтары өткізілді.

         1-11 сынып жетекшілерінің жоспарлы ашық тәрбие сабақтарының жоспары бекітіліп, жоспарлы сабақтар түгел өтілді.

         Оқу жылы барысында тәрбие жұмысының әсерін тиімділігін анықтау мақсатында   сынып оқушылары мен сынып жетекшілердің жыл бойы атқарған жұмыстарына талдау сараптама диогностикасы жасалынды.

       Мектебімізде жоспарлы тәрбиелік іс-шараларды ойдағыдай өз дәрежесінде өткізу      барысында біршама қиындықтар туындады. Айтап айтар болсам:

  1. 1.Оқушылар мен ата-аналардың дер кезінде хабарландыруларды естімеуі
  2. 2.Өткізілетін іс-шараларға оқушыларды таңдау
  3. 3.Аталған қиындықтарды шешу бағытындағы жоспарлы іс-шаралардың ашық өтпеуі
  4. 4.Қиындықтарға қарсы іс-әрекет барысына қажетті   әдістемелік нұсқаулықтардың тірі шынайы берілмеуі.
  5. 5.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында аудан мектептері арасында мектеп деңгейіне сай мерекелік іс-шаралардың тоқтауы.

       Осы тәрбиелік жұмыстардың   сапалы , шынайы жүргізілуіне   тұсау болып тұрған   елімізде етек алған пандемияның әсері болып отыр.

-          Тест сауалнама арқылы оқушылар мен ата-аналардың сыныптың тәрбие жұмысымен жалпы тіршілігімен қанағаттану деңгейін анықтау жұмыстары;

-          Сынып ұжымының дамуында қоршаған ортаның жағымды әсер ету мүмкіндіктерін анықтау;

Алдағы уақытта тәрбие жұмысын жоспарлаудағы басым бағыттар:

-          Ұжымдық шығармашылық шараларды жүргізу;

-          Мектеп оқушыларын жоспарлауға қатыстыру;

-          «Шаңырақ» жобасын іске асыру;

-          Кәсіби бағдар беру бағыты бойынша жұмыстарды үйлестіру;

-          Мектеп оқушыларының қызығушылығын, қажеттілігін, икемділігін, басқада жеке ерекшеліктерін зерттеу мақсатында : сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, идеялар мен ұсыныстар аукционы сынды жұмыстарды ұйымдастыра отырып, олардың ұсыныстарын алдағы тәрбие жұмысын жоспарлауда негізге алу;

-          Мектептегі ашық есік күндеріне ата-аналарды шақырып қатыстыру;

-          Интернат тәрбиешілерімен оқу-тәрбие жоспарын үйлестіре отырып, бірлескен жұмыстарды жүргізу.

    

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!