"Үздік өзін-өзі басқару ұйымы" номинациясы берілді.
С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты КММ. Мектебімізде бітіруші түлектерден "Өзін-өзі басқару ұйымы" құрылған.
Ұйымның президенті 11 сынып оқушысы Тұрдалы Жомарт.
Өзін - өзі басқару ұйымы мектептің тәрбие жұмыстарына көмекші, оқушылардың,тәртібіне жауапты, мектепте өтілетін қоғамдық жұмыстарды атқарушы топ.
Бәйдібек аудандық "Тәуелсіздік ұрпағы-жыл көшбасшылары" Жастар премиясында "ҮЗДІК Өзін-өзі басқару ұйымы" номинациясымен марапатталды. Шәкірттеріміздің бұл жетістігі бізді қатты қуантты. Болашақтың тізгінін ұстар жастардың келешегіне біз сенеміз.


