Зерде балалар шығармашылық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңі
Зерде балалар шығармашылық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңі болып өтті
2022 жылдың 10 қараша күні Ақбастау ауылы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі болып өтті.
Конкурсқа 2022 жыл 08 қарашадағы № 296 санды бұйрығымен жіберілген 11 оқушы ғылыми жұмыстарын қорғады.
Конкурс нәтижесі бойынша І орын 6 «В» сынып оқушысы Ж.Ұзақбай, жетекшісі биология пәні мұғалімі Г.Жиынбекова, ІІ орын алған 7 сынып оқушылары Б.Бекасыл, жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі А.Адилбекова, Д.Ағабек, жетекшісі информатика пәні мұғалімі З.Серикбаева, К.Самат, жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Салимова иеленді.
ІІІ орын алған 3 сынып оқушысы Н.Ермахан, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Г.Сазекова, 7 сынып оқушысы
Р.Оразәлі, жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Сапарова. «Алғыс хат» иегерлері 4 сынып оқушысы Ж.Жақсылыққызы, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ұ.Нүсіпова, 7 сынып оқушысы Е.Ерқанат, жетекшісі география пәні мұғалімі И.Алиасқарова,
6 сынып оқушысы Н.Хасенқызы, жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Уалиева. Конкурстың аудандық кезеңінде құнды баяндама жасағаны үшін 4 сынып оқушысы А.Әуелхан, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Р.Билмаханбетова және 3 сынып оқушысы М.Жұмабайға, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі К.Балхожаева «Сертификат» берілді. Ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, облысқа жолдама алған шәкіртімізге сәттілік тілейміз.







