Жетістіктеріміз

Автор: Super User. Posted in Жетістіктеріміз

М ә л і м е т

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 1 наурыз күнгі №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интелектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады. Аталған мақсаттарды іске асыруда мұғалімдер жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, өткен оқу жылында бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылды.

            2019-2020 оқу жылы 44 сынып комплектісі 876 оқушымен басталып, 873 оқушымен аяқтады. Оның қызы-426, ұлы-447.

2019-2020 оқу жылында оқушылар аудандық, облыстық деңгейдегі пәндік олимпиада, байқауларға қатысты.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 26 оқушының ішінде 20 оқушы жүлделі орындармен марапатталып, 6 оқушы облыстық кезеңіне жолдама алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша пәндік олимпиада 10-сынып оқушысы Әскербек Жансая ІІІ дәрежелі дипломмен, химия пәнінен 10-сынып оқушысы Кеңес Бейбарыс 3-орынмен, биология пәнінен 11-сынып оқушысы Әскербек Аяна, құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Мырзаханқызы Назерке «Жас талап» атағымен марапатталды. Тарих пәнінен 9-сынып оқушысы Кеңес Мерей 1-орынмен марапатталып олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Оқу жылы барысында ұйымдастырылған «Үздік жас мұғалім» - 2019» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Абдраманова қатысып       1-орын мадақтамасын иеленсе, А.Көлшікбаева аудандық «Өнерлі ұстаз - 2019» байқауынан 1-орын диплом иеленді, екеуі де облыстық байқауға жолдаманы жеңіп алды.

Аудандық «Абайдың қарасөздері», «Абайтану» байқауына А.Абдираманова қатысып, 2-орын диплом алса, облыстық «Өнерлі ұстаз - 2019» жолдамасын жеңіп алған А.Көлшікбаева 2-орын дипломымен марапатталды. Облыстық «Үздік жас мұғалім - 2019» жолдамасымен А.Абдираманова 3-орынмен марапатталды . «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасына Ф.Туленова, С.Аязова, Г.Сейдахметова, К.Кәрібаева қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иеленді. А.Айтаханова 8-сынып оқушысы Жақсылық Нұрдаулетті Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының «Көркем сөз» жанры бойынша қатыстырып   2-дәрежелі дипломмен марапатталды.         А.Абдираманова облыстық «Педагогикалық дебют» жас мамандар байқауына қатысып 3-орын дипломын иеленді. А.Айтаханова аудандық «Білімді ұрпақ – мемлекет тірегі» атты тақырыпта озық шығарма байқауына 9-сынып оқушысы Жамбыл Айша бас жүлде дипломын иеленсе, Республикалық «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла..» «Көркем сөз» байқауынан Жақсылық Нұрдаулет 3-орын иеленді. К.Кәрібаева ІІ республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасына қатысып 2-дәрежелі дииплом иеленді.

         Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысы Көрікбай Ақерке Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының «Ғылыми жоба» жанры бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 7-сынып оқушысы Жасұзақ Жансая Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының «Ғылыми жоба» жанры бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Г.Сейдахметова «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан өткен байқауға «Көркем сөз» жанры бойынша 11-сынып оқушысы Қуандық Ақеркені қатыстырып бас жүлде дипломын иеленді. «Al-Faraby» Республикалық «Абай жолы» жас көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына 11-сынып оқушысы Қуандық Ақерке бас жүлде дипломын иеленді. К.Кәрібаева Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «ЭРУДИТ» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» оқушылар арасындағы шығармашылық байқауының «Абай оқулары» жобасына 9-сынып оқушысы Амангелді Диас 1-дәрежелі дипломды иеленсе, Алматы қаласында «Жас ғалым - 2020» атты Республикалық мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми жоба сырттай байқауында 11-сынып оқушысы Қосыбай Дильназ 1-орын дипломмен марапатталды.

       Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш.Мамутова және Ұ.Джолдасова «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде: мәселелері, тенденциялары мен даму перспективалары» І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫна қатысып, I, II дәрежелі дипломдарға ие болды. «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасына бірлестік мұғалімдері қатысып, I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «КИО» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ш. Мамутова және Р.Салимованың оқушылары «Заманауи әлемдегі ғылым мен инновацияны дамытудағы жастардың рөлі» атты II Халықаралық ғылыми жұмыстар және инновациялық жобалар байқауының II дәрежелі дипломының жеңімпаздары атанды. Пән мұғалімдері К. Апекова, Ш.Мамутова, Р. Молдаханова, Г.Құпияева сынды мұғалімдердің мақалалары «Ұстаз борышы» атты Республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналында жарық көріп, бас редактор Е.А. Еркіннің «Құрмет грамотасы», «Диплом» және «Сертификатымен» марапатталды.

        Мұғалімдер арасынан өткен пәндік олимпиадада информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерім ІІ орынды иемденді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үш тілде білім беру жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік- тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру» атты ғылыми –практикалық конференцияда сапалы баяндама жасағаны үшін математика пән мұғалімі Г. Омарова «Алғыс хат» иемденді. Математика пән мұғалімі С.Нағызбеков «Жаңа ұрпақ» Республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журалына «Математика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында мақаласы жариаланды және «Қазақстан ұстаздары » Республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журалына А.Кадимованың «Мәтінді есептерді шешу» атты тақырыпта, информатика пәнінен «Жас ғалым» Республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журалына мақалалары жарияланды .

       Математика пәнінен қашықтықтан өткізген олимпиадаға мына төмендегі мұғалімдер мен оқушылар қатысып нәтижесіндіе: www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты информатика пәнінен ұйымдастырылған оңлайн олимпиаданың І дәрежелі Допломымен Информатика пән мұғалімдері С.Серікбаева, А.Пиралиева, www.nio.kz Республикалық Ұлттық интернет олимпиада сайтының қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипомымен математика пән мұғалімі А.Жулаева, Г.Омарова және ІІ дәрежелі Дипломымен А.Кадимовалар иемденді. «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының Халықаралық «Зиаткерлік олимпиада» - 2019 байқауының І дәрежелі Дипломымен 7 сынып оқушысы Жүнісбек Қасымжомарт ( пән мұғалімі Г.Омарова), 6 сынып оқушысы Ерғали Ақниет (пән мұғалімі А.Кадимова) марапатталды, осы сайтқа Г.Омарованың

«Сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы» тақырыпта ашық сабағы жариаланып «Алғыс хатпен» марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы қоры сыйлығының иегері, «Білім бұлағы » аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының ІІ дәрежелі Дипломымен математика пән мұғалімдері Г.Омарова және А.Кадимова иемденді.

     ІІІ оқу тоқсанында 1-4 –сыныптардан математика пәндерінен алынған бақылау жұмыстарын алу жоспарланып, бірсыпыра алынды, бірақ еліміз карантин жағдайына көшуіне байланысты, қорытындысы жасалмады. Сабаққа ену барысында жіберілген қателіктерге уақытында мұғалімдерге ескертілді. 9- 11 сыныптар арасында өткізілген « Al-Faraby-1150ж » мерекесіне арналған ауданды пәндік олимпиада қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Тұрар Сымбаткүл І орын, 10 сынып оқушысы Ә. Байғон 3-орын иемденді .

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері I Халықаралық Ғылыми Конференциясының 1-дәрежелі Диплом жəне Сертификатпен Бекеева Гүлжан марапатталды.

I Халықаралық   Ғылыми Конференциясының 1-дәрежелі Дипломы жəне Сертификатымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сұлтанова Меруерт марапатталды.

     02.04.2019 жылы «Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен облыстық семинар өткізілді. Семинарда өздерінің үлгілі сабақтарын беріп, әдістемелік тәжірибелерімен бөліскен мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Омарбекова Айгерім Беимбетовна , Сатыбалды Мөлдір Қайратқызы. Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасымен марапатталды.

     12.04.2019 жылы мектебімізде «Бастауыш сыныпта оқытудың тәсілдерін сабақта тиімді пайдалану- сапалы білім негізі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Бұл семинарда жаңа форматта сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері, сабақ үлгілері жоғары дәрежеде деп саналып, мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызы облыстық әлеуметтік даму білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Семинарда пән бойынша ашық сабақтар қойылған пән мұғалімдері жоғары деңгейде үлгілі сабақтарын көрсетіп, іс-тәжірибелері облыстық көлемде кітапша етіп шығарылып, тарқатылды. Пән мұғалімдеріде осы семинар соңында марапаттарға ие болды.

             25.04.2019 жылы мектебімізде «Ағылшын тілі және жаратылыстану- математикалық бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытуда оқушылардың білімін бағалау» тақырыбында облыстық- аймақтық тәжірибелік семинары өткізілді. Семинарда химия пәнінің мұғалімі Бимбетова Бибсара Өтегенқызы химия пәнінен 8 сыныппен «Classification and properties of salts» тақырыбында ағылшын тілін кіріктіріліп ашық сабақ өтілді. Семинар сабағы өте жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін пән мұғалімі Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталықтың мадақтамасымен марапатталды.

- 28.03.2019 жылы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Буккросинг жобасының оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудағы тиімділігі» атты тақырыпта мектепте өткізілген аудандық семинарға мектеп кітапханашысы Г.Келесбаева «Буккросинг мектепте» атты үздік жұмыстарымен танылып Түркістан облысы адами әлеуеті басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

       2019ж «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» тақырыбында өткізілген облыстық форумда жоғары дәрежедегі инновациялық идеялары мен тәжірибеммен бөліскенім үшін Облыстық Әдістемелік Орталығының «Мадақтамасымен» Керейбаева Гүлжан марапатталды. Аудандық «Ясауи хикметтері» эссе байқауында І орынмен Аудандық Білім Бөлімінің «Мадақтамасымен» марапатталды. Қ.А.Ясауидің тағылымы мен рухани мұрасын насихаттау мақсатында облыс педагогтерінің арасында өткен «Ясауи хикметтері» тақырыбындағы эссе байқауында жүлделі І дәрежелі орынмен Облыстық Әдістемелік Орталығының «Дипломымен» марапатталды.                  

       I Халықаралық Ғылыми Конференциясының 1-дәрежелі Диплом жəне Сертификатпен Керейбаева Гүлжан марапатталды.

Қазақстандық «I-school generation» қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар Лигасының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні бойынша Жалпықазақстандық қашықтықтан өткізілетін олимпиадасында І дәрежелі диплом-9 «Ә» сынып оқушысы Әмірәлі Гүлназ. І дәрежелі диплом-5 «Г» сынып оқушысы Таңжарық Балғын. І дәрежелі диплом-5 «Г»сынып оқушысы Орынбасар Гүлжанар. І дәрежелі дипломмен-5 «Г» сынып оқушысы Кәрім Әділ. І дәрежелі диплом-5 «Г» сынып оқушысы Әмірәлі Дилназ. ІІ дәрежелі диплом- 7 «Ә» сынып оқушысы Жасұзақ Жансая.ІІ дәрежелі диплом-7 «Ә» сынып оқушысыҚуандық Нұрсая иемденді. 2019ж Қазақстандық «I-school generation» қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар Лигасы ұйымдастырған ағылшын тілі пәні бойынша 1-11 сыныптар арасында Жалпы қазақстандық олимпиадасына оқушыларды белсене қатыстырғаны үшін Керейбаева Гүлжан «Алғыс хатпен » марапатталды.

     Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Утелбаев Ясауидин 2019-2020 оқу жылының тамыз айында облыстық жастар ресурстық орталығының Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырған «ART FEST TURKISTAN» жас суретші және қолөнер шеберлер байқауында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Тұрдалы Жомарт қатысып, «Диплом», «Алғыс хатпен» марапатталды және жетекшісі ретінде «Алғыс хатпен» марапатталды.

       «Қазақ елі мәңгілік ел» атты республикалық басылымда 7 сыныптың «Жұмысты қорғау және көрмені ұйымдастыру» тақырыбындағы сабағы жарық көрді.

         Республикалық «Тіл, өнер және білім» орталығының ұйымдастырған шығармашылық байқауына қатысып, «Үздік педагог» номинациясы бойынша І дәрежелі «Дипломмен» марапатталды. Қазақстан Республикасы білім беру саласында шығармашыл, тәжірибелі ұстаздық еңбегі үшін «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды.

       2019 жылдың қараша айында «Атадан- мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған   ІІІ Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» өнер мен білім байқауында «Бейнелеу өнері» жанры бойынша өнер көрсеткені үшін 9 сынып оқушысы Тастемір Мағжан «Бас жүлде» дипломымен марапатталды. «Ата- мұра» қорының Республикалық байқауының Суперфиналына жолдама жеңіп алды. Аудандық «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен өтілген сурет байқауында 9 сынып оқушысы Зайниддин Әбдікәрім ІІІ орынмен марапатталды, облыстық сурет байқауында ІІ орынмен мараптталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне байланысты аудан әкімі Б.Танагузовтың «Дипломы» «Жылдың үздік ұстазы» номинациясымен және «Үздік ұстаз-2019» кубогымен марапатталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды –Жастар жылы деп жариялады. Ауданымыздың жастар жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін аудандық «Нұр Отан» ПФ төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбековтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

       Физика пәнінің мұғалімі Төребекова Альмира 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен пән мұғалімдері олимпиадасында І орынды иеленіп, мадақтамамен марапатталды. «Жастар жылына» орай өткізілген «Үздік жас мұғалім-2019» облыстық байқауында ІІІ орын «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Физика пәні бойынша аудандық олимпиадаға 8 сынып оқушысы Төлебай Бақдәулет қатысып, ІІ орынды иеленді.

         2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары негізінде 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының негізгі 8 бағыты бойынша жылдық жоспар түзіліп,жоспарға сай тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 2019-2020 оқу жылы 1-11 сыныптарда 44 сынып комплексімен аяқтады. МАД топта 5 тәрбиеші жұмыс жасады. 1-11 сыныптарда 876 оқушы, МАД топта 86 тәрбиеленуші тәрбиеленді.

     Жылдық жоспарға оқушылар, педагогтар ,ата-аналар, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқаратын жұмыстардың мазмұны енгізілген.

     Оқу жылын «Білім күніне» арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында салтанатты жиын мен сыныптарда арнайы тәрбие сабақтары өтіліп, салтанатты жиынға аудандық маслихат депутаты Байзақов Алмас, ардагер ұстаз Айтуаров Шөненбай, Алғабас газетінің жауапты хатшысы Жамашева Эльмира, аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмірбекова Ғалия және мектеп ата-аналары қатысты.

       2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 16.08.2019 жылғы №17/4 -3583 санды хатына сәйкес мектепте 11-сыныптар арасында бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.

     11.09.2019 жылы 1-11 сыныптар арасында жалпы ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамы сайланды: төрайымы Э.Жамашева, мүшелері Б.Амизов, З.Иманбекова,А.Адасбековалар болып тағайындалды.

   2019-2020 оқу жылына арналған «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында аудандық білім бөлімі , аудандық полиция бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі ,аудандық ауруханамен бірлескен іс-шара жоспары түзілген. Осы жоспар негізінде мектеп директорының 2019 жылдың 03 қыркүйек күнгі № 358 бұйрығына сай   білім алушылардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету және орын алған келеңсіз жағдайлар жөнінде жедел акпарат алу тобы құрылған. № 358 бұйрық бойынша оқушылардың кешкі және түнгі беймезгіл уақытында жүруіне тосқауыл қою мақсатында мектеп қызметкерлерінен түнгі рейд кестесі түзіліп, бекітілді. Рейд кестесімен оқушылар таныстырылып, жазбаша түрде сынып жетекшінің қатысуымен профилактикалық мақсатта қол хат алынып және ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатында үш жақтама міндеттемеге қол қойылды.

      01.09-05.09.19 жылы аралығында «Абайлаңыз-балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шара жоспары түзіліп, жоспарға сай «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты қауіпсіз жол жүрісі сабағына 1-сынып окушылары және КЖИ тобы мен АПБ ЮПИ Ж.Мырзабекованың қатысуымен өткізілді. Сыныптарда «Жол белгілері» тақырыбында суреттер байқауы, «Жолың болсын, балақай!», «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында арнайы тәрбие сабақтары өтілді.

   05.09-30.09.19 ж. аралығында «Назар аударыңыз-балалар» атты айлық ұйымдастыру барысында ата-аналар мен оқушылардан жолда жүру ережелеріне байланысты сауалнамалар мен тест жұмыстары, диктанттар алынып жиақталды.  

           Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылдың қыркүйек айының 13 күнгі   мектеп директорынының № 396 санды бұйрығын негізге ала отырып мектепте «Денсаулық фестивалі-2019» атты іс-шара аясында спорттық сайыстар,7-9 сыныптар арасында флешмоб, отбасылық сайыстар өткізілді. «Денсаулық сандарына жет!» тақырыбында орталық алаңда өтілген мекеме аралық спорттық командалық жарыста мектеп ұжымынан жасақталған «Барыс» командасы жүлделі 2-ші орын иемденіп, «Арқан тарту» командалық жарыста жүлделі 1-ші орынға ие болды.

     6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы- бақыт мекені» атты республикалық апталықтың аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. «Отбасының қоғам алдындағы маңызы мен рөлі» атты 10 сыныптар арасында ата-аналардың қатысуымен дөңгелек үстел, «Мен отбасымды мақтан тұтамын» атты арнайы тәрбие сабақтары өткізілді.

   «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» тақырыбында 16.09-21.09 аралығында тілдер апталығы ұйымдастырылып апталықтың барысында «Ана тілім-айбыным» атты ашық тәрбие сагаты, «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» тақырыбында эссе байқауы, 7-10 сыныптар арасында қабырға газеттер байқауы өткізілді.

1қазан-Қарттар күніне орай ҰОС ардагері Игісінов Бейсенбек атаның үйіне 10 сынып оқушыларынан жасақталған қолқабыстар тобы барып атаның ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.Сыныптарда «Қарттарым-асыл қазынам» атты арнайы тәрбие сабақтары ұйымдастырылды.

«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!» атты іс-шара аясында 3-қазан күні МДТІЖО, кітапханашы және тәлімгердің бірлесіп ардагер ұстаз Төлешов Бақбергенмен кездесу және 4-қазан күні 11 сыныптың оқушылары және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

     «Самұрық» тобы облыстық «Нашақорлыққа қарсы және есірткі бизнесіне қарсы күрес» аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты облыстық шеруінде жоғары нәтиже көрсеткені үшін топтағы 9-сыныптың окушылары Жандарәлі Нұрдәулет пен Әшім Дәулет Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ІІ-дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     25.11-29.11.2019 жылы аралығында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елбасы күні-елдікке құрмет» атты апталық іс-шарасы ұйымдастырылып «Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында Елбасымыздың қызметі, отанға, халқына ерекше сінірген үлкен саяси еңбегі мен өмір жолдары жайлы тәрбие сабақтары аудандық орталық кітапханасында, аудандық мұражайда, мектептін кітапханасында өткізілді.

   29.11.2019 ж «Елбасы күні-елдікке құрмет» тақырыбында қорытынды іс-шара ұйымдастырылды. Қорытынды іс-шарада мектеп директоры Қалзат Жүсіпбекқызы түрлі сайыстарда, байқауларда жетістікке жеткен ұстаздар мен оқушыларды марапаттады.

   12 желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау жиыны өткізілді, жиынға 2,5,8 сыныптың оқушылары қатысты.

     12 желтоқсан күні мектеп кітапханасында сынып жетекшілері А.Шатырбаева мен Г.Асылбаева «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгері Б.Оспановамен кездесу ұымдастырып, кездесу барысында кітапханашы Г.Келесбаева тақырыптық кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Өткізілген кездесу «Ұстаз жаршысы» атты облыстық ақпараттық, танымдық,педагогикалық басылым беттерінде 23.12.2019 жылы жарияланды.

     13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеудің ұлы күші»тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылып,оқушылар мен ұстаздар марапатталды.

       23.12-29.12 .2019 жылы күндер аралығында «Төрлет құтты жаңа жыл»атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды: атап айтқанда 25.12 күнгі аудан әкімінің шыршасы жоғары деңгейде өткізілді, 26.12 күні мектептің 12 үздік окушысы «Қалыш ана»степендиясына ие болды. 27.12 күні 9-11 сынып окушыларының ұйымдастыруымен өткізілген бал маскарад талапқа сай ұйымдастырылған.

       «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында атқарылатын мектепішілік жоспар түзіліп, жоспар бойынша жобалар белгіленіп, жобаларға жауапты мамандар бекітіліп, іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда : «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» тақырыбында танымдық сағаты, «Абай-дана, Абай –дара қазақта» А.Құнанбайұлының өлендерін мәнерлеп оқу байқауы, 5 сыныптың оқушыларымен «Ұл мен қыз-ұлт намысы» кіші бағдарламасына сай аудандық сәулет мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

     Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің бастамасымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай даналығы» атты кабинет тақырыпқа сай жабдықталды, «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

     Мектеп директорының 11 ақпан 2020 жылғы № 87 бұйрығын негізге алып Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» атты іс-шара жоспарланып, жоспар бойынша 14.02.2020 жылы «Ерлік сабақтары» өткізілді.

     «8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай сыныптарда 06.03.2020 жылы «Аналар асыл жандар» атты арнайы тәрбие сабақтары ұйымдастырылды.

       2020 жылдың 7 наурыз күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша Ұлы дала тұлғаларын насихаттау мақсатында Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, детектив жанрының шебері Б.Қалаубаймен «Халқы сыйлаған қаламгер» атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шара «Алғабас» атты аудандық қоғамдық –саяси басылым беттеріне жарияланды.

         2 сәуір күні 1-11 сыныптар арасында қашықтан өткізілген ата-аналар жиналысы болып жиналысқа 490 қатысуға тиіс ата-ананың 408 қатысып, 82 ата-ана Whats app желісіне тіркелуге мүмкіндігі болмағандықтан және интернет желісінің баяулығынан қатыса алмады. 3 сәуір күні   1-11 сыныптар арасында қашықтан өткізілген сынып жиналысына 873 қатысуға тиіс оқушының 799 қатысып 74 оқушы Whats app желісіне тіркелуге мүмкіндігі болмағандықтан және интернет желісінің баяулығына байланысты қатыса алмаған. 9 сәуір күні 8-11 сынып оқушылары «Біргеміз: Білім» ұлттық жобасы аясында сауалнама тапсырды. 8 сын-67,9 сын-74,10 сын-34,11 сын-36 оқушы қатысты.

   Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 10.04.2020 ж. №413 санды хаты негізінде мектепке қатысты мөлтек аудандағы пробация есебінде турған адамдар мен олардың отбасы жағдайы туралы анықтау жұмыстары жүргізіліп, мәлімет берілді. Мектепте пробация есебінде туратын 2 отбасының балалары мектепте білім алуда.

   16.04.2020 жылғы № 06/1288 шығыс негізінде «Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық бейне интернет-конкурсына 5 г сыныптың оқушысы Қалжігіт Әйгерім ата-анасымен қатысты.

14.04-18.04 аралығында 4-10 сыныптар арасында қашықтан «Туған жер.Отан.Атамекен» тақырыбында патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында 4а,4г, 5 а,5 ә,7 ә,6 а,6 б,6 ә,9 ә сыныптың оқушылары белсене қатысып жақсы өнер көрсетті.

   «Абай- дана, Абай-дара қазақта» тақырыбындағы халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында онлайн өнер байқауына 8 а сыныптың оқушысы Өміртай Игілік «Көркем сөз» жанры бойынша қатысып 2 орынға және 8 б сынып оқушысы Амангельді Асылзат 3 орынға ие болды, «Ақындық өнер» жанры бойынша 7 в сынып оқушысы Шойынбекқызы Іңкәр 1 орынды иемденді. «Ақындық өнер» жанрына – 4г сынып оқушысы Ағабек Досхан қатысып, 2 орын иеленді. Сынып жетекшісі Г.Сазекова. «Көркем сөз» жанрына 4б сынып оқушысы Серік Балауса 1 орын , 4б сынып оқушысы Оразәлі Рамазан 1 орын жеңіп алды. Сынып жетекшісі З.Абдразакова. «Шығарма» жанрынан 4в сынып оқушысы Заманхан Ұлтусын 2 орын сынып жетекшісі А.Есалы , «Бейнелеу өнер» жанрынан 2б сынып оқушысы Үсен Ерасыл 2 орын сынып жетекшісі М.Бахыт. «Дәстүрлі ән» жанрынан 4а сынып оқушысы Абубакир Асылзада 2 орын сынып жетекшісі Г.Аблаева. «Хореография» жанрынан -   2в сынып оқушысы Абат Мөлдір 2 орын сынып жетекшісі М.Жолдасбекова. «Көркем сөз» әдеби монтаж жанрынан- 1а сынып оқушысы Ыбрахан Аяла сынып жетекшісі Г.Байсариевалардың оқушылары қатысып, жоғары орындардан көрініп, марапатталды. Жасалған жұмыстар ережеде көрсетілген поштаға және телефон номеріне жолданды. (Өтінімі, квитанция, жасалған бейне түсірілімдер)

      Аудандық білім бөлімінің 24.04.2020 жылғы № 445 санды хатына сәйкес, 2020 жылдың 29 сәуір күні 1-11 сыныптар арасында «Ынтымақ пен келісім» тақырыбында бірыңғай қашықтан арнайы сабақтар өткізілді.

     Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерін дәріптеу мақсатында «Мен батырдың ұрпағымын» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды. Жоғары деңгейде бейнеролик түсірген : 2а сынып жетекшісі К.Мутабаева, 2б сынып жетекшісі М.Бахыт, 3а сынып жетекшісі Г.Джумансейтова, 3ә сынып жетекшісі К.Сүлейменова, 3г сынып жетекшісі А.Сүйінбекова, 4г сынып жетекшісі Г.Сазекова және 9 в сынып жетекшісі Кәрібаева Камила 5 ә сыныптың жетекшісі Жұмашбекова Баян, 5 а сыныптың жетекшісі Кадирова Бағила, 7 б сынып жетекшісі Шатырбаева Айнұр.

         Аудандық білім бөлімінің 04.05.2020 жылғы № 465 хатына сай оқушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, рухани-адамгершілікке және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру мақсатында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы шеңберінде онлайн түрде іс-шара жоспары түзіліп, жоспарға сай жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда 1-11 сынып жетекшілері тарапынан, аудандық білім бөлімінің нұсқаулығына сәйкес, «Біз біргеміз» және «Біз үйдеміз» тақырыбында әдістемелік бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланды.

       АББ-нің 04.05.2020 ж №466 санды хатын негізге ала отырып, Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар тапсырмаға сәйкес атқарылды :1-11 сыныптар арасында бейнесабақтар түсірілді, үйірме жетекшілері А.Ділімбетова мен Э.Батырбекова тақырыптық сюжеттер түсірді. Аталған жұмыстар әлеуметтік желілерге жарияланды.

       Мектеп директорының 13.05.2020 ж № 183 бұйрығын басшылыққа ала отырып, қашықтықтан онлайн режимінде «Отбасы сағаты» ұйымдастырылып, өткізілген сабақтардың бейнероликтері әлеуметтік желілерге жарияланды .

     Мектеп оқушылары бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік кұндылықтарын қалыптастыру мақсатында 18-мамыр күні сағат 9.00-19.00 аралығында жалпы республикалық бірыңғай «Адалдық сағаты» тақырыбында ұсынылып отырған бейнедәрістер Whats App қосымшасы арқылы оқушылар назарына ұсынылды.

       Мектеп директорының 22.05.2020 ж № 183 бұйрығымен Пандемия кезінде мектепте «Соңғы қоңырау» мерекесі мен 11 сынып оқушыларына қорытынды аттестат тапсыру іс-шарасын өткізу жоспары түзіліп, жоспарға сай жұмыстар өз ретімен іске асырылды.

           2019-2020 оқу жылына арналған тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жүмыс жоспары түзіліп , жоспарға сай ерекше назардағы оқушылар анықталып тізімге алынып, мәліметтер жинақталды.

     1-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған АПБ-нің ЮПТ-мен бірлесіп атқаратын іс-шаралар жоспары тузіліп жоспар бойынша жұмыстармен қоса, Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу барысында мектепте «Полицияның жас көмекшілері» дружинасы мен «Жас қорғаушылар» тобы жоспар бойынша өз жұмыстарын атқарды.

   Жайсыз отбасылардың құрамындағы кәмелетке толмағандар саны мектеп бойынша 4 оқушы тіркелген, АПБ-нде есепте тұрған оқушы жоқ.

     - Аудандық білім бөлімінің «Тәрбие ісінің үздігі» аудандық байқауында 2 орынды иеленгені үшін Г.Айдарбекова аудандық білім бөлімінің басшысының дипломымен марапатталды.  

- 2020- оқу жылының 2- жарты жылдығында және 4- тоқсан қашықтықтан оқыту барысында мұғалімдер мен оқушылардың ғылым мен білімге қосқан үлестерінің нәтижесін саралау барысында мына төмендегі көрсеткіштер анықталып отыр.

Мұғалімдердің онлайн Республикалық олимпиадаларға қатысу көрсеткіші

Дарын онлайн білім беру платформасы мен Казтест олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА "КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗ"олимпиадасына қатысқан мұғалімдер саны- 82

1.Бастауыш бірлестігі                                             28 мұғалім

2.Қоғамдық пәндер бірлестігі                                12мұғалім

3.Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігі                     7 мұғалім

4.Математика және информатика бірлестігі        7 мұғалім                                                          

5.Үйірме бірлестігі                                                  5 мұғалім

6. Ағылшын тілі бірлестігі                                     6мұғалім

7.Дене шынықтыру бірлестігі                               6 мұғалім

8.Биология және химия бірлестігі                                     4мұғалім

9.Технология, көркем еңбек, физика, музыка      4 мұғалім

10.Орыс тілі                                                             3мұғалім

1 – ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ 2 – ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ 3 – ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ СЕТИФИКАТ ИЕГЕРЛЕРІ

Кадирова Б

Сатыбалды М

Бекқұлова Г

Шатырбаева А

Бимбетова Б

Асылбаева Г

Қалдыбаева Ұ

Кәрібаева К

Кадимова А

Омарова Г

Утелбаев Я

Батырбекова Ж

Батырбекова И

Байдуашова С

Балхожаева К

Нүсіпова Ұ

Қартбай Г

Рсымова А

Рахимбергенова Ж

Сазекова Г

Кенеханова Г

Құрманова Г

Батырбек Э

Ернаров А

Сапарбаева Г

Нұрлан Ақбота

Туреханова Г

Билмаханбетова Р

Жолдасбекова М

Бахыт М

Сүйінбекова А

Сапарбаева Ұ

Джумансейтова Г

Туреханова Г

Есалы А

Жакатова А

Сыдықбаева Ж

Мутабаева К

Арынбекова Н

Бекеева

Нүсіпова Ұ Г

Абдразакова А

Керейбаева Г

Алиасқарова И

Айдарбекова Г

Мамытова Ғ

Байшымыр Ә

Өмірбай Е

Сейдахметова Г

Айтаханова А

Туленова Ф

Аязова С

Задыбеков Ө

Дүйсенбеков Т

Дәрі А

Керімқұл Қ

Жумашбекова Б

Әбіханова А

Омарбекова Р

Пернебекова С

Сулейменова К

Омарбекова А

Молдаханова Р

Байсариева Г

Құпияева Г

Джолдасова Ұ

Сатанова А

Көлбаев Е

Абдираманова А

Көлшікбаева А

Турсунова Ж

Нажимов Н

Нұржанов Т

Қыстаубаев С

Нағызбеков С

Серікбаева З

Пиралиева А

Женбайұлы Е

Түркеев Н

Ибраева А

Сапарова Ж

Әбдеш Б

Турабекова Е

Дарын онлайн және Казтест сайтымен ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАТЫСҚАН

30-МҰҒАЛІМ түрлі пәндер бойынша қатысты.

Бастауыш сынып бірлестігі                        20- нәтиже

Үйірме бірлестігі                             3- нәтиже

Қоғамдық пәндер                            3- нәтиже

Биология және химия                                 2-нәтиже

Математика және информатика     1 нәтиже

Қазақ тілі мен әдебиеті                    1 нәтиже

Дарын онлайн олимпиадасы бойынша көп қатысқан мұғалім Нүсіпова Ұ

1 – ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ

2 – ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ

3 – ШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ

СЕТИФИКАТ ИЕГЕРЛЕРІ
  1. Құрманова Г
  2. Нүсіпова Ұ
  3. Жиынбекова Г
  4. Мамытова Ғ
  5. Джумансейтова Г
  6. Сулейменова К
  7. Балхожаева К
  8. Нүсіпова Ұ
  9. Сүйінбекова А
  10. Жолдасбекова М
  11. Нүсіпова Ұ
  12. Билмаханбетова Р
  13. Сапарбаева Ұ
  10Смайлова М
  1. ДилимбетоваА
  2. ДилимбетоваА Алиасқарова И
    1. Нүсіпова Ұ

www.edulife.kz Республикалық онлайн әдістемелік сайтына Үздік сабақтар мен ашық сабақтар, презентациялар жариялау КОНКУРСЫ

19-МҰҒАЛІМ түрлі пәндер бойынша қатысып, оның ішінде

1- орын (8ұпай)        - 10*8=80

2- орын (5 ұпай)       - 8*5=40

3-орын, (5ұпай)       

СЕРТИФИКАТ (3ұпай)-1*3=3

Жалпы -123 ұпай

қ/с

Мұғалімнің аты жөні Мұғалім жетістігі Нәтижесі
1 Сапарова Ж "Үздік сабақ презентациясы" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
2 Алиасқарова И "Үздік ашық сабақ" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
3 Алиасқарова И "Үздік сабақ жоспары" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
4 Ибраева А "Үздік сабақ презентациясы" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
5 Ибраева А "Үздік сыныптан тыс жұмыс" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
6 Кенеханова Г "Үздік тәрбие сағаты" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом
7 Көлшікбаева А "Үздік сабақ жоспары" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
8 Көлшікбаева А "Үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
9 Мусаева С "Үздік сабақ презентациясы" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
10 Мусаева С "Үздік ашық сабақ" атты онлайн конкурс жеңімпазы 1- дәрежелі диплом, сертификат
11 Сазекова Г "Үздік сабақ презентациясы" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
12 Сазекова Г "Үздік ашық сабақ" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
13 Ибраева А "Үздік сабақ жоспары" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
14 Пернебекова С "Үздік сабақ презентациясы" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
15 Пернебекова С "Үздік тәрбие сағаты" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
16 Пернебекова С "Үздік ашық сабақ" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
17 Көлшікбаева А "Үздік ашық сабақ" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
18 Мусаева С "Үздік ашық сабақ" атты онлайн конкурс жеңімпазы 2- дәрежелі диплом, сертификат
19 Кенеханова Г "Үздік сабақ презентациясы" атты онлайн конкурс жеңімпазы сертификат

-          ДАРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ:   Алтын жабағы (ЗОЛОТОЕ РУНО) ҚАШЫҚТЫҚ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫНА

           қатысқан оқушылар саны 71 оқушы

-          ДАРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ: ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕРДЕН ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫНА 196 мектеп оқушылары қатысты.

-          2020 жылғы Түркістан облысының 2-11 сынып оқушылар арасында өткен "Алтын ұрпақ" зияткерлік олимпиадасына 18 оқушы қатысты. Зияткерлік олимпиадаға қатысқан оқушылар түгел марапатпен оралды.

-          2- жарты жылдық бойынша олимпиада, байқау, конкурстар мен баспаға мақала жариялау жалпы қорытынды рейтинг баллы 4701

-         

-          2019-2020 оқу жылының 1- ші жарты жылдығы бойынша баспаға ғылыми мақалалар жариялау

-          Жалпы саны 77 мақала оның ішінде

-          Баспаға мақала жариялау бойынша жылдық қорытынды

-          Жалпы 190 мақала жарық көрді, бірлестік бойынша көп мақала жариялаған бірлестіктер нәтижесі

-          Бастауыш бірлестігі                                                68 мақала

-          Қоғамдық пәндер бірлестігі                                   18 мақала

-          Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігі                        18 мақала

-          Ағылшын тілі бірлестігі                                         15 мақала

-          Биология және химия бірлестігі                            12 мақала

-          Үйірме бірлестігі                                                     10 мақала

-          Орыс тілі                                                                  10мақала

-          Математика және информатика бірлестігі           9 мақала

-          Технология, көркем еңбек, физика, музыка        7 мақала

-          Дене шынықтыру бірлестігі                                 7 мақала

С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп – интернатының 2020-2021 оқу жылының 1- ші жарты жылдық бойынша мұғалімдер мен оқушылардың білім бағытында жеткен жетістіктері туралы мәлімет

-«Білім мен ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық оқуында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциясын бойынша «Қашықтан оқыту жағдайындағы ата-анамен жұмыс» тақырыбында сапалы баяндама жасап, шығармашылық ізденісін көрсете білген МДТІЖО Г.У.Туреханова аудандық білім бөлімінің басшысының мадақтамасымен марапатталды.

-«Білім мен ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық оқуында сынып жетекшілер секциясы бойынша сапалы баяндама жасап, шығармашылық ізденісін көрсете білген сынып жетекші Ж.Рахымбергенова аудандық білім бөлімінің басшысының мадақтамасымен марапатталды.

-«Білім мен ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық оқуында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциясы бойынша «Қашықтан оқытуда ата-аналарға көрсетілетін жадынамалар» тақырыбында сапалы баяндама жасап, шығармашылық ізденісін көрсете білген МДТІЖО Г.У.Туреханова Түркістан облысының адами әлеуетті білім басқармасының  мадақтамасымен марапатталды.

     - Аудандық білім бөлімінің «Тәрбие ісінің үздігі» аудандық байқауында 1 орынды иеленгені үшін Г.Айдарбекова аудандық білім бөлімі басшысының дипломымен марапатталды.  

2020-2021 оқу жылының 1- жарты жылдығында және 1,2- тоқсан қашықтықтан оқыту барысында мұғалімдер мен оқушылардың ғылым мен білімге қосқан үлестерінің нәтижесін саралау барысында мына төмендегі көрсеткіштер анықталып отыр. Мұғалімдердің онлайн Республикалық олимпиадаларға қатысу көрсеткіші

Дарын онлайн және Казтест, Ust.kz , Ustaz тілегі сайтымен ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАТЫСҚАН 30-МҰҒАЛІМ түрлі пәндер бойынша қатысып, оның ішінде

1.Бастауыш бірлестігі                                             1 мұғалім

2.Қоғамдық пәндер бірлестігі                                3 мұғалім

3.Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігі                     6 мұғалім

4.Үйірме бірлестігі                                                  1 мұғалім

5. Ағылшын тілі бірлестігі                                     2 мұғалім

6.Технология, көркем еңбек, физика, музыка      1 мұғалім

7.Орыс тілі                                                               1мұғалім

1 дәрежелі диплом иегерлері 2 дәрежелі диплом иегерлері 3 дәрежелі диплом иегерлері Сертификат иегерлері
  1. Абдираманова
  2. Кәрібаева К
  3. Сейдахметова Г
  4. Әділбекова А
  5. Еркебаева Ж
  6. Мамытова Ғ
  7. Сатылбалды М
  8. Жиенбайұлы Е
  9. Аязова С
  10. Нүсіпова Ұ
  1. Мамытова Ғ
  2. Айтаханова А
  3. Ибраева А
  4. Кәрібаева К
  5. Әдібекова А
  6. Еркебаева Ж
  7. Әшенова Л
  8. Утегенова Ш
  9. Мамытова Ғ
  10. Сапарова Ж
  11. Ибраева А
  12. Сатыбалды М
  13. Нүсіпова Ұ
  14. Айтаханова А
  15. Абдираманова А
  16. Кәрібаева К
  17. Аязова С
  18. Еркебаева Ж
  19. Мамырова Ұ
  20. Абиразакова А
  21. Нүсіпова Ұ
 
  1. Ибраева А
  2. Айтаханова А

6.Кадирова Б

8.Адилбекова А

-          Бейнелеу шығармашылығы арқылы жас буынның рухани болмысын бекітіп, жастардың бойына адалдық пен парасаттылық қағидатын қалыптастыру мақсатында өткен «Адал ұрпақ- болашақ кепілі» тақырыбындағы үздік сурет батл байқауында жақсы нәтиже көрсеткені үшін 6 сынып оқушысы Расил Нұрсаулет аудандық білім бөлімінің 2- дәрежелі дипломымен марапатталды.

-          10-23 қыркүйек 2020 жылы өткен «Мұрагер» орталығының ұйымдастыруымен Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) өткен «Атадан мұра» өнер байқауына мектебімізден 1-5 сынып оқушылары «қол өнер», «эстрадалық вокал» жнрларына қатысып 1 орынға ие болып марапатталды. Жетекшілік жасаған: «қол өнер» үйірме жетекшісі Утегенова Шолпан, музыка жетекшісі Әшенова Лаура «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды. Сонымен бірге «Мұрағат» орталығының ұйымдастыруымен Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) өткен байқауына «Жеті өнер» өнер байқауына мектебіміздің 2-10 сынып оқушылары қатысып, «Аспапта ойнау», «Хореография», «Бейнелеу өнері», «Көркем сөз», «Қол өнер» жанрлары бойынша оқушылар қатыстырылып,жүлделі 1-2 орындарды жеңіп алды. Әр бір оқушы мадақтамамен төс белгілермен марапатталды. Оқушылармен жұмыс жасапөнерлі оқушыларды дайындаған үйірме жетекшілері : М.Өскенбаева, Э.Батырбек, И.Туленова, Г.Сапарбаева, Ш.Утегенова. Ұйымдастырушы қосымша білім беру педагогы Индира Алиасқароваға «Ұлағатты ұстаз» номинациясы және төс белгісі табысталды.

-          14-24 қазан 2020 жылы күндер аралығында «Өнер әлемі» орталығының ұйымдастыруымен Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) ұйымдастырылған «Өз жұлдызыңды жақ» өнер байқауына мектебімізден 1-10 сынып аралығындағы оқушылар «Хореография», «Ән өнері», «Аспапта ойнау» жанрлары бойынша қатыстырылып, жүлделі 1-2 орындарды бағындырды. Байқауға қатысқан оқушылар медальмен және мадақтамалармен марапатталды. Жетекшілік еткен «Гимнастика» үйірмесінің жетекшісі Мадина Өскенбаева Тахирбекқызына «Үздік көшбасшы педагог» төс белгісі берілді. Сонымен қатар «Өнер әлемі» орталығы балалардың өнерін бағалап, мектеп басшысына деген жылы лебізін жолдап, мектеп директоры Апекова Калзат Жүсіпбекқызына Алғыс хаты тапсырылды.

-          19-23 қазан 2020 жылы күндер аралығында өткен «Мұрагер» орталығының ұйымдастыруымен Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтан өткен «Жаңа жұлдыз-2020» өнер байқауына 1-6 сынып оқушыларынан құрылған «Гимнастика» үйірмесінен «Хореография» жанрына 25 оқушы қатыстырылып, өнер көрсетіп, жүлделі 1 орынды иеленді. Оқушылар кубок және медальдармен марапатталды. Жетекшісі «Гимнастика» үйірмесінің жетекшісі Өскенбаева Мадина.

-          25.11.2020 жылы мектепішілік 1-11 сыныптар аралығында онлайн режимінде ата-аналар жиналысы болып өтті Күн тәртібінде: 1 тоқсан қорытынды есебі, Зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары туралы баяндама, пандемия кезінде ата-аналардың отбасында, сыртта сақтық шараларын, өмір қауіпсіздігін сақтауы (слайд көрсетілім) туралы әдістемелік нұсқаулықтар және алда тұрған міндеттер мен түрлі мәселелер қойылды.

-          22.11.2020 жылы күні өткен аудандық оқушылардың пәндік олимпиадасында 5 сынып оқушысы жаратылыстану пәнінен Жұмабек Бауыржан 1-орын, 5 сынып оқушысы қазақстан тарихынан Жұмабай Сымбат 1 орын , 6 сынып оқушысы Қожабек Ақбота қазақ тілі әдебиеті пәнінен 1 орын.

-          ДИПЛОМ жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық кәсібі біліктілігін арттыру және дамыту мақсатында өткізілген «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ» облыстық олипиада жеңімпазы «Бас жүлде» иегері бастауыш сынып мұғалімі Орынбаева Ғалия Шакировна марапатталды. Дипломға қоса, Қазақстанның педагогикалық академиясы мен Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымының арнайы құрылған комиссиясының 2020 жыл

10-қараша №11 шешіміне сәйкес «Мұғалімдер пән олимпиадасы-бас жүлде иегері» төс белгісі мен куәлігі берілді. Осы мәтінде бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып бас жүлде иеленген, төс белгімен марапатталған: бастауыш сынып мұғалімдері Г.Джумансейтова, Қартбай Гүлжайна, Нүсіпова Ұлберген, Сүйінбекова Айнұр.

-          «Тәрбие басы-тал бесік» тақырыбында бастауыш сынып жетекшісі Кенеханова Гүлнұрдың   мектепішілік әдістемелік жұмысы таратылды.

-          Дарынды балаларға арналған республикалық ғылыми- танымдық «Жас ғалым» журналының 2020 жылғы қыркүйек айындағы №9 (181) санына «Басты мақсат- бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульмира Туреханованың мақаласы жарияланды.

-          ДИПЛОМ –Жыл қорытындысымен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі мен қоғамдық қызметте сіңірген белсенді еңбегі үшін С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта –мектеп-интернаты «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕКТЕБІ» номинациясымен Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков марапаттады.

-          28.12.2020 жылы «Жаратылыстану пәндерін зерттеу арқылы оқыту» тақырыбында мектепішілік семинар өтілді. ДБІЖО А.С.Мықтыбекованың ұйымдастыруымен Нұрсұлтан қаласы «Ұлттық Сауаттылық қауымдастығының» директоры, Сыни ойлауды дамыту жобасының оқытушы-тренингі, «Зерттеуші мектеп» журналының редакторы Майра Рахымбайқызы жүргізді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп мұғалімдері және қауымдастық мүшелері үш уақытқа, үш топқа бөлініп семинар сабаққа қатысты. Семинардың мақсаты: «Оқу мен жазу арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру».

-          МДТІЖО Г.У.Туреханова Түркістан облысы Бәйдібек аудан әкімі Е.Шаріпбековтің Алғыс хатымен марапатталды.

       Міне осындай жетістікке жетудің бірден-бір жолы мектеп басшысына байланысты. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» деген екен ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны-осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз.

Дайындаған:

МДТІЖО Г.У.Туреханова

,

САДЫҚ ӘБДІЖАППАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!