«Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» атты аудандық семинар

Автор: Super User. Posted in Семинарлар

Бәйдібек ауданы «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты

«С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Отбасылық тәрбие баланың әлеуметтендірудегі басты факторы» атты аудандық семинар
Хаттамасы
                                                 03.04.2019 жыл 
Қатысқандар:
1.Облыстық әдістемелік орталықтың өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері - Б.Каймолдаева.
2.Бәйдібек аудандық білім бөлімінің өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері - Н.Белгібаева.
2.Ауданымызджың өзін-өзі тану пән мұғалімдері.
 
Күн тәртібндегі қаралатын мәселе:
1.Мектеп тынысмен таныстыру, сабақтарға қатысу.
2.Кері байланыс.
Тыңдалды:
Облыстық әдістемелік орталықтың өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері Б.Каймолдаева өзін - өзі тану процесінде мұғалім мен ата-ананың рөлі айрықша. Қазіргі мұғалім окыту мен тәрбиелеу әдістерін, балалардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды дұрыс ұйымдастыра алатын білікті маман болуы керек. Балаларға деген махаббат, әрбір баланың жеке даралық қабілеттерін құрметтеу, шыдамдылық, ізгі ақыл мен жылы жүрек өзін - өзі тану мұғалімінің ең басты  қасиеттері болуы тиіс. Өзін - өзі  тану мұғалімінің құндылыққа бағдарланған әрекеті оқушылардың  білім алуына, даналықты, адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына, өзара түсіністікті жәнс  қоғамның барлық мүшелерімен жағымды қарым - қатынас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді деп өзін-өзі тану пәнінің ерекшеліктерін атап өтті.
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері Н.Белгібаева «Өзін - өзі тану» пәні мұғалімінің мінезі ашық - жарқын, айналасына тартымды, этика - эстетикалык тағылымы жоғары, шығармашылық әлеуеті терең болуы керек. Сонымен  катар пән мұғалімі оқушылармен  бірлесе әрекет етуге әрдайым дайын тұратын, сыни ойлау қабілеті оқушыларды қанаттандыратын, оларды өзіндік ізденіс пен шығармашылық әрекетке жұмылдыра алатын адам болуы тиіс. Осындай күрделі де жауапты міндет жүктелген ұстаздар мен баланың ара қатынасында ешқандай кедергі болмауы керек. Олардың өзара түсіністігі, сыйластығы және бір - біріне деген құрметі  көздеген мақсатқа жетудің сара жолы болмақ-деді.
Мектеп директоры К.Апекова әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем деседі. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді. Адам баласы дегеніміз – жоғарғы дүниеден жер бетіне жіберілген тіршілік иесі. 
Барлық балалардың қайталанбас дарынды екендігіне, ешқайсысының таланттан кенде қалмағанына мейлінше сенемін. Біз әншейін бала бойындағы сол дарындылықты тауып, аша білмейміз, шынын айтқанда, ашуға ұмтылмаймыз деп атап айтты. 
Қорытынды бөлімінде тәжірибелік бөлім бойынша өтілген ашық сабақтар туралы Бүркітбай Айгүл кері байланыс алды. Ең бірінші мектеп ұжымына, басшысын семинарды жоғары деңгейді ұйымдастырғаны үшін рахмет айтты. 2-сынып оқушыларымен өтілген ашық сабақтары жаңартылған бағдарламасы бойынша әдіс-тәсілдердің қолданылуымен тиімді болғандығын атап, сабақтың өз деңгейінде жүйелі нақты талаптарға сай құрылғанын айта келе алдағы уақытта еңбектеріне табыс тіледі.
Жолғабас НОМ мұғалімі Жұмансейітова Нұржамал сөз алып 10-сынып оқушыларымен өткен дөңгелек үстел жөнінде айтып өтті. Айтылған мәселелер өте орында екендігі  жәнеде оқушылардың өз ойларын ашық, еркін түрде айтқандығы ұнады. Мұғалімнің жаңа заман талабына сай екендігі, оқушыларды өз деңгейінде бағалайтындығы, АКТ толық меңгергендігі байқалды. Шығармашылық табыс тіледі. 
Майбұлақ ЖОМ мұғалімі Перизат 7-сынып оқушыларымен «Адамның рухани әлемі» тақырыбында өтілген шебер сабақ өз дәрежесінде. Барлық талаптарға сай өтілгенін, оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде екендігі атап айтылды. Сабақта қолданған әдістері қызықты әрі орынды екндігін атап айтты.
«Тәрбиенің тамаша мектебі отбасы» тақырыбында өтілген коучинг сабақ туралы Тойшыбекова Нүрбибі айтып, өз ойын білдірді. Бұл сабақ арқылы біздің үйренеріміз көп болды. Әрбір ұстаз өз сабағында оқушыларға білім мен қоса тәрбиенің ұштастыру арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеуі керек деп атап өтті. 
Ұсыныс:
1. Аудандық тәжірибелік семинарды жиі ұйымдастырып, әдіс алмасу.
2. Аудандық семинарды ұйымдастырған және сабақ берген ұстаздарға облыстық әдістемелік орталықтық Құрмет грамотасына ұсыну:
1.Мектеп директоры Апекова Калзат
2.Өзін-өзі тану пән мұғалімі Омарбекова Айгерім
3. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Сатыбалды Мөлдір
4. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Бекбаева Жазира
5. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Жұмабекова Айгүл
 
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 
өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері:                                   Н.Белгібаева
аудандық тәжірибелік семинар хатшысы:                     А.Омарбекова
 2c17de28 3a1b 4a89 90ed eec5524d45b954b6514d 2360 4b66 8d94 a8d43b5705e7 d7cc5c8d 9885 4934 9a68 8fdfdf791b2d dd187f16 151f 42c3 8281 64e8adc6d411  a75c89f2 0833 44e8 8c99 688a61a932b9 69debdac dfd7 44bd adee d19aa8f78ab6