“Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі” тақырыбында бастауыш сыныптар арасында аудандық семинар болып өтті.
Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2023 жылдың 6 наурыз күнгі 363 бұйрығының негізінде С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатында 2023 жылдың 10 наурыз күні “Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі” тақырыбында бастауыш сыныптар арасында аудандық семинар болып өтті. Семинарға аудан мектептерінен 51 ұстаз қатысты.
Семинар мақсаты: оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімділігін арттыру, ұстаздардың іс-тәжірибесімен бөлісу.